Мысықты кір жуғыш машинаға салған әйел табылды
Фото: Бейнеден кадр
Әлеуметтік желілерде кір жуғыш машинаның ішінде отырған мысықтың бейнесі тарады. Желі қолданушылары оқиғаның мән-жайын тексеруді талап етті. Жетісу облысы ПД әйелді тапты, деп хабарлайды Orda.kz.
Бейнеде мысық кір жуғыш машинаның барабанында отырғаны көрінген. Машина қосулы, жуу режимі жүріп жатыр. Бейнежазбада жануардың кір жуатын құрылғының ішінде қанша уақыт болғаны және жағдайдың немен аяқталғаны нақты түсініксіз.
ПД баспасөз қызметі мәліметінше, бейне тарағаннан кейін жануарларға қатыгездік көрсету дерегі бойынша тексеру басталған.
«Бейнематериал жарияланған сәттен бастап полиция қызметкерлері жануарларға қатыгездік көрсету дерегі бойынша тексеру жұмыстарын жүргізе бастады. Бейнежазба авторы бұл әрекеттің «әзіл» түрінде болғанын түсіндірді», деп хабарлады полицейлер.
Әйелдің айтуынша, кір жуғыш машинаның барабаны су құйылмай небәрі бір рет айналып, содан кейін жануар бірден шығарылған. Кейін мысық ветеринар дәрігердің тексеруінен өткен. Маманның қорытындысына сәйкес, қазіргі уақытта жануардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ екен.
Мысықтың иесі жауапкершілікке тартылды. Ол танысына мысыққа уақытша қарап тұруды өтініп, тастап кеткен.
Айта кетейік, актер Мұрат Бисембин инсульт алып ауруханаға түсті.
Жаңалықтар
- Шымкентте заңсыз жүргізуші куәлігін рәсімдеген 15 қызметкерге үкім шықты
- Мысықты кір жуғыш машинаға салған әйел табылды
- Актер Мұрат Бисембин инсульт алып ауруханаға түсті
- Алматы полициясы қан шашылған пәтерге қатысты түсініктеме берді
- Ақтөбе облысында қала әкімі суицид жасады
- Түркия парламентінде депутаттар төбелесіп қалды
- Сауд Арабиясында өлім жазасына кесілгендердің саны рекорд орнатты
- Түнде Алматыда жер сілкінді
- «Қайрат» командасы Mundo do Futsal Experience-2025 жоғары марапатын алды
- ҰҚК радиоактивті уран сатпақ болғандарды ұстады
- Оңтүстік Африкадағы атыстан тоғыз адам қаза тауып, 10 адам жарақат алды
- Астанаға аяз бет алды: құтқарушылар қала тұрғындарына үндеу жасады
- Қазақстан құрамасын басқарған жаттықтырушы енді «Жеңіс» футболшыларын баптайды
- Қазақ өнерінің нарқасқасы Асанәлі Әшімов өмірден өтті
- МӘМС «санға» көшеді: денсаулық сақтау жүйесіндегі өзгеріс
- Сауд Арабия сахарасын қар басып, жұрты сасып жатыр
- Канадалық компания Қазақстанмен уран үшін тағы да соттасып жатыр
- «Ресейдің Еуропаны басып алатын шамасы жоқ»: АҚШ барлауының басшысы
- Маск тарихтағы 700 миллиард доллар байлығы бар алғашқы адам
- Қар жауып, тұман түседі: 21 желтоқсанға ауа райы болжамы