Мұрат Адам адвокаттық лицензиясынан айырылды
Фото: Orda.kz
Сот әділет министрлігінің талабын қанағаттандырып, адвокат Мұрат Адамды адвокаттық қызметпен айналысу лицензиясынан айыру туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.
16 қаңтарда Алматы қаласының Бостандық аудандық сотында Әділет министрлігінің Мұрат Адамға қарсы талап-арызы бойынша сот шешімі жарияланды. Істі судья Дәурен Тілеубаев қарады.
Талап-арыз ішкі істер министрлігінің әділет министрлігіне жолдаған ұсынысына негізделген. Онда адвокаттың Гүлнәр Бажкеноваға қатысты іс бойынша қорғаушы бола тұра, сотқа дейінгі тергеу туралы әлеуметтік желілерде шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқаны айтылған. Осы уәждерге сүйенген әділет министрлігі соттан адвокатты лицензиясынан айыруды сұрады.
Сот тараптардың дәлелдерін зерделей келе, талапты қанағаттандыру туралы ұйғарымға келді.
Мұрат Адам мен оның қорғаушылары сот шешімімен мүлдем келіспейтінін мәлімдеді. Бұған дейін адвокат әлеуметтік желілердегі жазбалары тек кәсіби ұстанымын білдіру екенін және тергеу құпиясын жарияламағанын айтқан еді.
Жаңалықтар
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?