Мұнай дағдарысы: жаһан мұнай қыспағына ұшырамаудың жолын қарастырып жатыр
Иллюстрация discoveryalert.com.au сайтынан
Ирандағы соғыс салдарынан соңғы кезде мұнай бағасы күр көтерілді. Ормуз бұғазы маңындағы танкерлерге жасалған шабуылдар мен соғыс аясында мұнай нарығындағы баға саясаты тез өзгеріп, әлем жағдайдың қалай болатынын аңдып, әр ел өз бетінше дағдарысқа ұшырап қалмаудың қамына кірісті, деп хабарлайды, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Осыған орай Orda.kz тілшісі әлем күткен мұнай нарығындағы дағдарыс барысын зерттеп көрді.
28 ақпанда басталған АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы және Ислам Республикасының жауап соққыларынан кейін мұнай бағасы тез өсе түсті. Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстерінің құны өсіп, сауда деректеріне сәйкес, шарықтау шегінде барреліне 100 доллардан асып кетті.
Ормуз бұғазындағы жағдай
Бұған дейін мұнай бағасы барреліне 82 доллардан жоғары деңгейде бір жылдан астам уақыт бұрын — 2025 жылғы 16 қаңтарда саудаланған болатын. Кейін өсім бәсеңдеп, 8,93 пайыз болды, ал мұнай барреліне 79,38 доллар деңгейінде саудаланды. Иранға қарсы соғыс басталғалы әлем елдері демін ішіне тартып, Ормуз бұғазындағы жағдайды бақылап отыр.
Соңғы күндері Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы да қымбаттады. Таяу Шығыстағы шиеленіс теңіз тасымалына өте қатты әсер етті.
Бұрын тариф кеме құнының 0,25 пайызына тең болса, қазір 12 есе өсіп, 3 пайыз деп белгіленіп отыр. АҚШ пен Израильдің шабуылынан соң, Тегеран Ормұз бұғазындағы кеме қатынасын шектеп тастады.
Қазір Парсы шығанағында жүздеген мұнай мен газ танкері қаңтарылып тұр. Ал өткелге кіруге әрекет қылған 10-нан аса су көлігі Ислам революциясы сақшылар корпусының шабуылына ұшырады. Таяу Шығыстағы шиеленіс жаһандық мұнай нарығына да әсер етті. Қара алтын бағасы әлі де көтеріле түседі деген қауіп те бар.
Ормуз бұғазы әлемдегі стратегиялық теңіз жолдарының бірі екені баршаға аян. Бұғаз Парсы шығанағы мен Оман шығанағының дәл ортасында жатыр. Бұл Таяу Шығыстың Араб теңізіне шығатын маңызды жолы саналады.
Осы орайда Халықаралық экономикалық агенттік барлық мемлекет әлемде болады деп болжанған мұнай тығырығына дайындалып жатқанын мәлімдеді. Мұнайға бай Таяу Шығыстағы соғыс шиеленісе түсті, осыған қатысты Халықаралық энергетикалық агенттік үкіметтерді мұнайға деген сұранысты азайтуға шақырып отыр.
«Қазіргі тарихтағы ең ірі шок»
Халықаралық энергетикалық агенттіктің есебінде үкіметтерге қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігін кеңейту, жылдамдық шектеулерін төмендету, қоғамдық көлікке көшуге ынталандыру және ірі қалаларда автокөлікті пайдалануды шектеу ұсынылды. Агенттік атап өткендей, бұл шаралар Ормуз бұғазының жабылуына байланысты әлемдік мұнай жеткізіліміндегі «шиеленіскен» үзіліс жағдайы үшін аса қажет.
28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иран аумағына әскери соққылар жасағаннан кейін, әлемдік мұнай нарығы бірден тығырықа тірелді. Мұнай бағасы бірден барреліне 100 доллардан асып кетті. Бұл өсім жаһандық энергетикалық жүйенің әлсіздігін тағы да бір көрсетті. Дәл осы жағдай геосаяси тұрақсыздық қысымындағы экономикаға қосымша салмақ түсірді.
Сарапшылар жағдайдың одан әрі ушығуы мүмкін екенін ескертіп жатыр. Егер шиеленісті бәсеңдету белгілері байқалмаса, мұнай бағасы барреліне 200 долларға жуықтауы мүмкін деген болжам айтылып жатыр.
Бұл Ормуз бұғазы арқылы кемелерді алып жүру үшін әскери-теңіз миссиясын құру жөніндегі саяси келіссөздерге қарамастан болуы әбден ықтимал жағдай.
Мұндай миссия идеясын алғаш рет Дональд Трамп ұсынған болатын, кейін оны Эммануэль Макрон қолдады. Алайда жуырда Халықаралық теңіз ұйымының басшысы Арсенио Домингес бұл бастаманы қауіпсіздік тәуекелдері мен іске асыруға жағдайдың жоқтығын алға тартып, қабылдамады. Бұл шешім Ормуз арқылы транзиттің болашағына қатысты белгісіздікті күшейтіп, онсыз да Таяу Шығыстан келетін кез келген дабылға сезімтал нарықтағы шиеленісті арттырды.

Халықаралық экономика агенттігі қазіргі іркілістерді «бүгінгі тарихтағы ең ірі шок» деп атады. Бұның бәрі Таяу Шығыстағы шиеленістің күрт күшеюінің нәтижесі, ол өмірлік маңызды сауда дәлізін іс жүзінде жауып тастады. Ормуз бұғазы арқылы әлемдік мұнай өндірісі мен тасымалының шамамен 20%-ы өтеді, күніне шамамен 15 миллион баррель шикі мұнай және тағы 5 миллион баррель мұнай өнімдері тасымалданады.
Есепте айтылғандай, «Ормуз бұғазы арқылы транзитті қалпына келтіру — мұнай мен газ жеткізілімін тұрақтандыру және нарық пен бағаға қысымды азайтудың ең маңызды жолы». Сонымен қатар агенттік әлем елдері ұсынысты арттыру және бағаның күрт өсуінің тұтынушыларға әсерін жұмсарту үшін шара қабылдап жатқанын айтады.
Қашықтан жұмыс, жылдамдықты азайту, аз ұшу
Агенттік пікірінше, салыстырмалы түрде қарапайым бірқатар қадамдар бар, мәселен әлем елдері жанармай тұтынуды жылдам қысқартуы мүмкін. Олардың қатарында — қашықтан жұмыс істеуді қолға алу, тасжолдардағы жылдамдықты төмендету, қоғамдық көлікті дамыту, көлікті бірге пайдалану және үнемді жүргізу ұсынылды. Агенттік үкіметтерді қысқа мерзімде мұнайға сұранысты азайту үшін осындай шараларды белсенді түрде қолдауға шақырады.
Қазіргі таңда автокөлік әлемдік мұнай сұранысының шамамен 45%-ын құрайды, бірақ бұл көрсеткіш әр елде әртүрлі. Тұтыну сұранысына қарай айтарлықтай өзгереді: мысалы, Оңтүстік Кореяда халықтың шамамен үштен бірі мұнай өнімдерін тұтынатын болса, Еуропа мен Латын Америкасының кейбір елдерінде үштен екіге дейін жетеді. Бай елдерде тұтынудың негізгі бөлігі жеңіл автокөліктерге тиесілі — жолдағы энергия тұтынудың шамамен 60%-ы осы салаға тиесілі.

Алайда Халықаралық энергетикалық агенттік стратегиясы тек автокөлік секторымен шектелмейді. Агенттік пікірінше, жерүсті баламалары бар болса, әуе сапарларын қысқарту да айтарлықтай әсер бере алады. Қысқа мерзімде, сарапшылардың айтуынша, тек іссапарларды шамамен 40%-ға азайтуға болады. Ал корпоративтік шектеулер кеңінен енгізілсе, авиациялық отынға сұраныс 7–15%-ға төмендеуі мүмкін.
Әлем дағдарысқа қалай дайындалып жатыр?
Жаһандық энергетикалық дағдарыс жағдайында бірқатар мемлекет қашықтан жұмыс тәжірибесін кеңейтті. Филиппин мен Пәкістан мемлекеттік қызметкерлер үшін төрт күндік жұмыс аптасын енгізді, ал Шри-Ланка сәрсенбі күндері мемлекеттік мекемелерді жауып қойды.
Вьетнам, Лаос, Таиланд және Солтүстік Корея үйден жұмыс істеуді белсенді түрде енгізіп жатыр. Мұндай шаралар бұған дейін Еуропада 2022–2023 жылдардағы энергетикалық дағдарыс кезінде де қолданылған, сол кезде үкіметтер қызметкерлерді жанармай тұтынуды азайту және энергия жүйесіне түсетін жүктемені төмендету үшін үйден жұмыс істеуді ұсынған еді.
Мұнайға қатысты тәуекелдер сақталады
400 миллион баррель көлеміндегі төтенше қорлар босатылғанына қарамастан, ресми тұлғалар нарықты тұрақтандыру үшін тек ұсынысқа ғана сенуге болмайтынын ескертеді.
Тұрақсыз және белгісіз жағдайда әлем мұнай дағдарысынан құтылу үшін тек өндіруді арттыру жеткіліксіз екенін, тұтынуды азайтуға бейімделу қажет екенін түсінді.
Бұл агенттіктің 1974 жылы құрылғаннан бері мүше елдердің мұнай нарығын тұрақтандыру үшін төтенше шараларды алтыншы рет үйлестіруі. Бұған ұқсас шаралар 1991, 2005, 2011 және 2022 жылдары қабылданған.
Kpler компаниясының шикі мұнай жөніндегі аға сарапшысы Йоханнес Раубалль егер Ормуз бұғазы тағы екі ай жабық күйінде қалса, жеткізілім тәуекелдері «күрт өсетінін» айтты.
«Таяу Шығыстан Еуропаға бағытталған соңғы мұнай көлемдері әлі де жеткізіліп жатыр, сондықтан ағындардың қысқаруының тікелей әсері толық байқалған жоқ», — деді ол Euronews-ке берген сұхбатында.
Раубалльдың айтуынша, ең нашар сценарийде бұл шығындардың өсуі еуропалық мұнай өңдеу зауыттарына ауыр салмақ түсіріп, сұраныстың төмендеуіне және шикізаттың шамадан тыс қымбаттауына байланысты кейбір зауыттардың жабылуына әкелуі мүмкін.
«Қазіргі дағдарыс әлемдік мұнай нарығы тарихындағы ең ірі жеткізілім үзілісіне айналуы мүмкін. Таяу Шығыстан шамамен 10 миллион баррель шикі мұнай мен конденсаттың жоғалуы — бұл әлемдік тұтынудың шамамен 10%-ы — қысқа мерзімді, бірақ өте күшті соққы», — деді Раубалль.
Мұнайдан тыс салдарлар
Қазіргі дағдарыс тек мұнаймен шектелмейді — ол табиғи газ жеткізіліміндегі іркілістерді де қамтиды, бұл электр энергиясының қауіпсіздігі мен бағасына әсер етеді.
Халықаралық экономика агенттігі сондай-ақ энергия бағасының өсуі ең алдымен табысы төмен отбасыларға ауыр тиетінін ескертіп, үкіметтерді бұл әсерді жұмсарту үшін мақсатты қаржылық қолдау көрсетуге шақырды.
Еуропалық одақ елдерінің көшбасшылары бейсенбі күні маңызды саммитке жиналып, тұтынушылардың электр энергиясына жұмсайтын шығындарын азайтудың қысқа мерзімді шараларын талқылады. Олардың қатарында ұлттық салықтар, желілерді пайдалану төлемдері және көмірқышқыл газы шығарындыларының құны да бар.
Урсула фон дер Ляйен Иранға қарсы соғыс энергетикаға «жедел әсер» етіп жатқанын мойындады.
Бұған дейін ЕО көшбасшылары бұл жағдайды негізінен энергия бағасының дағдарысы деп бағалап келген. Алайда осы жолы фон дер Ляйен алғаш рет жалғасып жатқан дағдарыс «болашақтағы жеткізілім тәуекелдері күмәнді» екенін айтып, «біз әрекет етуіміз керек» деп мәлімдеді.
8 наурызда Kувейт пен Біріккен Араб Әмірліктері мұнай жеткізіліміндегі қиындықтарға байланысты өндірісті қысқартатынын мәлімдеді. Бұл қиындықтар Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалдаудағы соғыс салдарынан туған жағдайға байланысты.
20 наурызда Иран Ормуз бұғазы арқылы танкерлерді өткізуді қайтадан бастады, бірақ бұл енді ақылы түрде жүргізіліп жатыр. Тегеран Ормуз бұғазы арқылы сауда кемелерін өткізу үшін «баж салығын» енгізді. Бұл – әлемдегі мұнай жеткізілімінің әр бесінші баррелі және сұйытылған табиғи газ (СТГ) тасымалының 30%-ға дейінгі бөлігі өтетін аса маңызды теңіз жолы. Lloyd’s List дереккөздерінің хабарлауынша, жаңа тәртіп бойынша барлық кемелер Тегеран бақылауындағы Ларак аралы маңындағы Иранның аумақтық суларымен өтіп, Ислам революциясы сақшылары корпусының (ИРСК) бақылауында болады және алдын ала «ілеспе қызмет» үшін ақы төлеуі тиіс.
20 наурызда Қазақстан Республикасының вице-премьері Қанат Бозымбаев елімізде әлемдік нарықта мұнайдың қымбаттауына байланысты жалақыны индексациялау мүмкін екенін мәлімдеді.
Қақтығыстың ушығуы саларынан Ормуз бұғазы арқылы өтетін теңіз тасымалы іс жүзінде тоқтап қалды. Қауіпсіздік қатерінің артуына байланысты сақтандыру компаниялары сақтандыру жарналарын көтеріп, сақтандыру шарттарын қайта қарастыра бастады.
Оның айтуынша, бұл мұнай-газ секторындағы табыстың өсуі есебінен жүзеге асуы ықтимал, соның нәтижесінде республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін кірістер де артады. Алайда қаражаттың едәуір бөлігі Қазақстан Ұлттық қоры бағытталады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Майдандағы жұмбақ риторика: АҚШ пен Иран текетіресі қай бағытқа кетіп барады?
- Мұнай дағдарысы: жаһан мұнай қыспағына ұшырамаудың жолын қарастырып жатыр
- Қызға аяқ көтерген актер Асқар Жұмабек 10 тәулікке қамалды
- Иран Ормуз бұғазы арқылы танкерлерді ақылы өткізе бастады
- Жетісу облысында қытайлықтардың иелігіндегі цемент зауытына 264 млн теңге айыппұл салынды
- Астана – Алматы күре жолында бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға түсті
- Тоқаев қасиетті Түркістан жеріне барған сапарында не айтты?
- Атыраудағы қайын жұртын қырып тастаған күдіктіге ұрлық пен алаяқтық айыптары қосылды
- Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
- Қазақстандықтар жылқы етін тұтыну бойынша жаңа рекорд орнатты
- Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зиярат етті
- Астанада Наурыз мейрамы қалай тойланады?
- Алматыда жол-көлік оқиғасынан үш адам қаза тапты
- Иранға жасалған шабуыл кезінде жаңа туған нәресте мен алты бала қыршын кетті
- Қамшыбек Тәшиев қырғыз халқынан кешірім сұрады
- Мұнай бағасының өсуіне байланысты елімізде жалақы көтерілуі мүмкін
- Қош келдің, әз-Наурыз! Алматыдағы мерекелік шаралар
- Ораза айттың қазақ дәстүріндегі орны мен мәні
- Аңыз-актер Чак Норрис 86 жасында өмірден өтті
- «Жауыз емеспін». Актер Асқар Жұмабек даулы оқиға туралы өз нұсқасын айтты