Мұхтар Шахановтың жұбайы өмірден озды
Фото: Бейнежазбадан кадр
Мұхтар Шахановтың жұбайы, белгілі ғалым, педагог Розалинда Әшірбайқызы Шаханова дүниеден озды, деп хабарлайды Orda.kz.
Розалинда Шаханова – 1951 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. QyzPU-дың «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығына түсіп, оны 1974 жылы тәмамдаған. Бес жылға жуық орта мектепте тәрбиеші және орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі болып жұмыс істеген.
Ғылымға шынайы бет бұрған Розалинда Шаханова 1990 жылы кандидаттық диссертациясын табысты қорғап шыққан. 1993 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша екінші жоғары білімі бойынша диплом алған. Сонымен қатар сол жылы доцент ғылыми атағына ие болды.
2004 жылы тәжірибелі де жоғары білікті маман ретінде QyzPU-ға қызметке шақырылып, 2008 жылға дейін оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор лауазымын атқарған.
Розалинда Шаханова бірқатар оқу және оқу-әдістемелік құралдар мен көптеген ғылыми мақалалардың авторы. Оның ғылым мен білім берудегі ісін жалғастырушы ізбасарлары да аз емес.
Ғылым мен білім беру саласына қосқан зор үлесі үшін «ҚР Білім беру ісінің үздігі», «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» сияқты атақтарға, ҚР Ғылым және білім беру министрлігінің «Ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін», «Ы.Алтынсарин», QyzPU дамуына қосқан үлесі үшін «Құрмет» медаліне және тағы басқа да көптеген марапаттарға ие болған.
Розалинда Әшірбайқызы өзіне алғаш ғылым есігін ашқан QyzPU-мен өмірінің соңына дейін байланысын үзбеген. Жыл сайын мемлекеттік емтихан комиссиясына төрағалық етіп жүрді.
Өмірі өнегелі, ғылыми және ағартушылық мұрасы мол Розалинда Әшірбекқызы Шаханованың жарқын бейнесі ешқашан ұмытылмақ емес.
Orda.kz редакциясы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтады.
Жаңалықтар
- Трамп Иран билігі соғысты тоқтатуды өтінгенін мәлімдеді
- Қате диагноз қойылған ба? Шымкентте қайтыс болған әйелдің туыстары жанайқайын айтты
- Астанада бұрынғы әйелінің қыр соңынан қалмаған сталкер жазаланды
- Алматыдағы Республика алаңы не үшін қоршалғаны белгілі болды
- Тоқаев Сауд Арабиясымен ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға айрықша мән береді
- Бақытжан Базарбек: Үкімет тарифті өсірсе — халықтың қалтасы көтермейді
- Депутат мас жүргізушілерге рақымшылық жасауға қарсы шықты
- Дұшпандар құрлықтағы соғыста қып-қызыл шығынға ұшырайды — Иран СІМ
- Ұлттық банк төрағасы долларға қарағанда теңгеге көп сенім артатынын айтты
- «Мошенники» сериалының жұлдызы алаяқтықтың жаңа түрін айтып ескертті
- Ермұрат Бәпи: Өз әйелін хайуан ұқсатып, сыйға беру — қылмыс
- «Маған жала жабылды»: Актер Асқар Жұмабек мәлімдеме жасады
- Полиция растады: «Нұрай Серікбайды өлтірді деген күдікті психикалық емдеу мекемесінде жатыр»
- Алматыда АИТВ жұқтырған ер адам 13 жастағы қызды зорлағаны үшін өмір бойына сотталды
- Әділетхан Молдахан 10 күнге қамалды
- Мейіржан Байғонысов президент әкімшілігінің инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісі болды
- Теріс діни топ өкілдерінің жеке балабақша ашуына тосқауыл қою керек — Абзал Құспан
- Мемлекеттік құпияларды қорғау талаптары күшейтілді
- Жемқорлыққа қатысы бар: Қамшыбек Тәшиевтің інісі ұсталды
- Қазақстанда 2025 жылы 1000-нан астам жол апаты тіркелген