«Мұғалімдер шықсын»: Алматы облысының әкімімен кездесуге келген жұрт орын таппай қалды
Фото: Orda.kz
17 қазан күні Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Іле ауданы Өтеген батыр кентінде халықпен кездесті. Кездесу басталмай жатып, халық наразылығын білдіре бастады. Себебі кездесу туралы әкімдіктің Instagram парақшасында бір күн бұрын емес, 17 сағат бұрын хабарлаған. Тіпті кейбір парақшаларда мұғалімдерді жөпелдемеде күштеп апара жатқан жазбалар тарады.
Orda.kz тілшісі кездесуге барып, кездесудің қалай өткенін анықтап қайтты.
Биліктің ұшар басындағы ат төбеліндей азаматтарға осындай ашық жиында өзінің жайын баяндап, көмек сұрап, болмаса уәжін айтуға келетіндер бар. Бірақ алдын ала залды толтырып, көзбаяушылық үшін жиын өткізетін шенеуніктерге деген сенімге селкеу түскелі қашан... Осы жолғы жиында да сол сценарий қайталанып, көп қарасын өздері толтырған адамдар болды. Ал аз ғана жұртқа тіпті отыратын орын жетпей қалды.
Кездесу Өтеген батыр кентіндегі Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған жаңа мәдениет үйінде өтті. Мәдениет үйінің алдында үш тіркеу орыны тұрды. Келген адамдар өз аты-жөнін және жұмыс орнын жазып кірді. Мәдениет үйінде отырғандардың шамамен 70 пайызы — мұғалімдер, 20 пайызы — мемлекеттік қызметкерлер, ал 10 пайызы — қарапайым халық.
Жиынға келген су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Марат Сұлтанғазиевтің жанында отырды.
Ал ерте келген қарапайым азаматтарды орындарынан тұрғызып, артқы қатарларға көшіріп жатты. Айта кетейік, алдыңғы қатардағы орындықтарда бір азаматтардың аты-жөні жазылып тұрды.



Хабарландыру алдын ала ерте жарияланбаған соң, енді естіп-білген жұрт ағылып келді. Зал мұғалімдер мен құзырлы орган қызметкерлеріне лық толып отырған соң, орын таба алмаған, уәжін айтып, сұрақ қоюға келген қарапайым азаматтар наразы болды. Олардың ішінде мұғалімдерді залдан шығаруды талап еткендер де болды.
«Мен Өтеген батыр ауылының тұрғынымын. Мен әкімге сауалым болғаннан кейін келіп отырмын. Келсем орын жоқ. Барлық жерде мұғалімдер отыр. Неге халықпен кездесуді алдын ала хабарламайды. Менің қоятын сауалдарым көп. Өтеген батыр ауылының көшелері шұрық-тесік, жарық мәселесі де бар. Сонымен қатар мектеп мәселесі бар. Бұл ауданда төрт мектеп бар оқушылар көп. Мен мектеп ашайын десем, маған әкімдік ешқандай көмек көрсетпей жатыр, аяғымнан шалып. АЭС мәселесі және үй мәселесі бойынша келіп отырмын», — деді бір ауыл тұрғыны.


Әрине, күштеп, болмаса бұйрықпен әкелген соң қызметтегі кей адамдарға ресмилік үшін айтылып жатқан жиындағы сөздер мүлде қызық болмады. Сондықтан олар телефонын шығарып, әлденені көріп отыра берді.
Orda.kz тілшісі жиынның қалай өтіп жатқанын бақылап отыр.
Жаңалықтар
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді
- 3 және 4 наурыз күндері Сауд Арабиясынан Қазақстанға алғашқы эвакуациялық рейстер болады
- Сыртқы істер министрлігі Иран халқына көңіл айтты
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды