Муаммар Каддафидің мүрдесі қайта жерленді

cover

Ливиядағы революция кезінде 2011 жылдың қазан айында көтерілісшілер аяусыз өлтірген бұрынғы Ливия басшысы Муаммар Каддафидің мүрдесі оның тайпасына қайта жерлеу үшін беріледі.

Бұл туралы Orda.kz AlHadath телеарнасы сілтеме жасап хабарлады.

Ливия дереккөздерінің хабарлауынша, Мисурат қаласының көрнекті өкілдері мен әл-каддаф пен әл-мужабар тайпаларының ақсақалдары арасында Муаммар Каддафидің, оның ұлы Муатассимнің, сондай-ақ оның қарамағында Қорғаныс министрлігін басқарған Ливия басшысының серіктесі Әбу Бәкір Юнис Джабердің мүрдесін беру туралы келісімге қол жеткізілді.

Каддафидің өлімінен бері 10 жылға жуық уақыт өтсе де, оның қабірінің орналасқан жері әлі күнге дейін құпия болып қала береді. Дерек тек полковникті жерлеуге тікелей қатысқан және Құран ұстап, бәрін құпия сақтауға ант берген азғантай адамдарға ғана белгілі. Алайда, бірнеше күн бұрын полиция жетекшілерінің бірі Салах Бади Каддафидің жерленген жерін жариялауға дайын екенін мәлімдеді.

Ливияда Каддафи режимін қолдаушылардың, оның ұлы мен жолдастарының мүрделерін өз тайпаластарына беру туралы үндеулері аясында ішкі татуласудың алғышарттары деп санайды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар