Молдова Ресейдің «Орыс үйін» жаппақ: Кишинёв Мәскеудің мәдени ықпалынан бас тартты
Фото: point.md
Молдова билігі Кишинёв қаласындағы Ресей ғылымы мен мәдениетіне арналған орталықты, яғни «Орыс үйін» жабу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл мекеме – Ресейдің «Россотрудничество» агенттігінің шетелдегі өкілдігі. Radio Moldova деректеріне қарасақ, шешім елдің Ресеймен 1998 жылы жасалған мәдени ынтымақтастық келісімінен шығуына байланысты қабылданған.
Молдова мәдениет министрі Кристиан Жарданның айтуынша, келісімнің мерзімі 2026 жылдың шілдесінде аяқталады, ал үкімет оны ұзартпайды. Министр «Орыс үйін» Кремльдің ел ішіне ықпал ету құралы ретінде бағалайтынын айтты. Сонымен қатар ол Ресейде Молдованың мәдени орталығы жоқ екенін де атап өтті. Ал «Россотрудничество» әзірге орталықтың әдеттегідей жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Кишинёвтің әрекетін «Ресейге қарсы тағы бір дұшпандық қадам» деп сипаттап, молдовалық билікті «елімізге қатыстының бәрін жоққа шығаруға тырысып отыр» деп айыптады.
Молдова бұған дейін де Мәскеуді елдің ішкі істеріне араласуға және қоғамдағы тұрақтылықты бұзуға талпынды деп бірнеше рет айыптаған. 2022 жылы Украинада соғыс басталғаннан кейін «Орыс үйлерінің» қызметі бірқатар елдерде, соның ішінде Әзірбайжан мен Румынияда тоқтатылған. Алайда Еуропаның кей елдерінде оларға шектеу қойылып, жұмысын жалғастырып келеді.
«Орыс үйі» — Ресейдің «Россотрудничество» мемлекеттік агенттігінің шетелдегі мәдени және гуманитарлық өкілдіктеріне берілетін бейресми атау. 2025 жылдың сәуіріндегі дерек бойынша, агенттіктің 71 елде 87 орталығы бар.
Қазақстанда Ресейдің «Орыс үйі» деп аталатын мәдени орталығы жұмыс істейді. Ол — Ресей үкіметінің «Россотрудничество» агенттігінің ресми өкілдігі. Орталықтың мақсаты — орыс тілін, мәдениетін және білімін насихаттау, екі ел арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайту. Мұндай іс-шаралар көбіне Астана мен Алматыда өтеді. «Орыс үйі» ресейлік жоғары оқу орындарын таныстырып, түрлі мәдени кештер мен көрмелер ұйымдастырады.
Жаңалықтар
- Қазақстандық файтер UFC додасындағы өзінің алғашқы жеңісіне қол жеткізді
- Қасым-Жомарт Тоқаев барлық қазақстандық әйелдерді мерекесімен құттықтады
- Трамптың қауіпі мен Ормуз бұғазындағы шабуыл: Соңғы жаңалықтар
- Екі жыл ішінде елімізде балаларды қорғауға қатысты 11 заң қабылданды
- Масуд Пезешкиан: Әдейі арандатушылық болмаса, көрші елдерге шабуыл жасамаймыз
- «Бүгін Иранға өте қуатты соққы жасалады» — Трамп
- Қазақстанда Отбасы омбудсмені институты енгізіледі
- Дубай әуежайы қауіпсіздік қатеріне байланысты жұмысын уақытша тоқтатты
- СҚО-дағы тас жолда екі жүк көлігі соқтығысып, жүргізушінің бірі қаза тапты
- Кәсіби боксшы Мадияр Әшкеевтің АҚШ-тағы үйі өртеніп кетті
- 4700-ден астам қазақстандық елге оралды
- 7–9 наурызда Таяу Шығыстан келетін эвакуациялық рейстер
- Италияда XIV қысқы Паралимпиада ойындары ашылды
- СІМ шиеленіс жағдайында Таяу Шығысқа саяхатты азайтуды ескертті
- Трамп Иран басшылығын толық ауыстыруды қолдайтынын айтты
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды