Министрлік Android жүйесі бар қолданушыларға ескерту жасады
Фото: Freepik.com
Ішкі істер министрлігі азаматтарға смартфондарға зиянды қосымшалар орнату арқылы жасалатын алаяқтық схемалар көбейгенін ескертті, деп хабарлайды Orda.kz.
Қаскөйлер Android жүйесіндегі құрылғыларға зиянды бағдарламаларды мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі фишингтік сілтемелер, жалған қосымшалар, фото немесе құжат ретінде жасырылған файлдар арқылы таратады. Сондай-ақ олар мемлекеттік орган, банктер немесе жеткізу қызметтері атынан хабарлама жіберіп, акция не ұтыс сылтауымен қосымша орнатуды сұрайды.
Мұндай бағдарлама орнатылған соң алаяқтар телефонға қашықтан қол жеткізіп, шоттағы қаражатты ұрлауы, онлайн-несие рәсімдеуі, жеке деректерді таратуы немесе құрылғыны бұғаттап, ақша талап етуі мүмкін.
«Күдік туындаған жағдайда интернетті дереу өшіріп, банкке хабарласып, құқық қорғау органдарына жүгініңіз», деп мәлімдеді ІІМ.
Еске сала кетейік, Қазақстанда абонент нөмірін бір оператордан екіншісіне көшіру тәртібі қайта қаралмақ. Жаңа жобаға сәйкес, SIM-карта алғаш қосылғаннан кейін 60 күн өтпесе, оператор нөмірді көшіруден бас тарта алады. Ал сұранысқа жауап беру уақыты 10 минутпен шектеледі.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Қазақстанда 37 градусқа дейінгі аяз болады
- Лақап аты «Грудак»: Қырғызстанда ҰҚМК-ның тағы бір қызметкері ұсталды
- Дильназ Ахмадиева ерекше балалардың құқығын қорғайтынын мәлімдеді
- Қарағандыда ережесіз жекпе-жек турнирінде 18 жастағы Арслан комаға түсті
- Шымкентте қаржы пирамидасымен айналысқан 10 адамға үкім шықты
- Уикипедиядағы даулы тұжырым: Тазыны арабтар әкелді ме?
- Министрлік Android жүйесі бар қолданушыларға ескерту жасады
- Алматыда ақпанда +22,8°С болды: Синоптиктер күрт жылыну себебін түсіндірді
- Трамп өзгеғаламашарлықтар туралы құжаттарды жариялайтынын айтты
- Елімізде такси қызметі 17%-ға қымбаттады
- 583 млн теңге жымқырған: Түркістанда 18 адам сотталды
- Қазақстанда телефон нөмірін бір оператордан екіншісіне көшіру тәртібі өзгеруі мүмкін
- Qarakesek атымен танылған рэперге сот үкімі шықты
- Олимпиада-2026: Софья Самоделкина ел көрсеткішін көтерді
- Тоқаев Бейбітшілік кеңесі инаугурациялық отырысында не айтты?
- «Қар көшкіні жүруі мүмкін»: Синоптиктер алматылықтарға ескерту жасады
- Олимпиада-2026: Софья Самоделкина елдік көрсеткішті көтерді
- Тоқаев Трамп атындағы арнайы сыйлық тағайындауды ұсынды
- Қазақстан Газаға қаржы бөліп, әскер жіберуге қатысады
- Абай облысында жол апатынан 4 адам тіл тартпай кетті