Министрлік АҚШ салған салыққа қатысты мәлімдеме жасады
Фото:Reuters
АҚШ президенті Дональд Трамп 185 елге баж салығын енгізді. Ал Қазақстанға 27 % салық салынды. Сауда және интеграция министрлігі салынған салыққа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақ үй басшысы мұндай қатаң шаралар қабылдайтынын 2 ай бұрын айтып, бүгін қаулыға қол қойды. Баж салығы салынатын 185 елдің арасында Қазақстан да бар. Сауда және интеграция министрлігі бұл салық АҚШ-қа экспортталатын тауарларының елеулі бөлігіне әсері болмайтынын айтты. Өйткені олар АҚШ әкімшілігінің нормативтік актілері тізіміне енгізілген екен. Министрлік Қазақстанның АҚШ-қа шығаратын негізгі тауарлары — шикі мұнай, уран, күміс, ферроқорытпалар екенін мәлімдеді. Ал бұл санаттағы өнімдер АҚШ президентінің «Тауарлар саудасындағы маңызды және тұрақты тапшылықты жою мақсатында өзара тарифтер арқылы импортты реттеу туралы» жарлығы бойынша өзге тізімге енгізілген.
«Қабылданған тарифтік шаралар Қазақстанның АҚШ-қа шығатын жалпы экспортының тек 4,8%-ына ғана әсер етеді. Үкімет Қазақстанға қатысты қосымша баждарды қолданбау мүмкіндігін талқылау үшін АҚШ-пен кеңес сұрауға ниетті», деп хабарлады министрлік.
Еске салайық, бүгін, 3 сәуір күні АҚШ президенті Дональд Трамп 185 елге баж салығын енгізді.
Жаңалықтар
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды
- Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?