Министр Назарбаев университетінде қаржы жымқырылғанын жоққа шығарды

cover Фото: GOV.KZ

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев университетіндегі миллиардтаған қаржының жымқырылғанын жоққа шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.

«Жоғарғы Есеп соты барлық: ұйымдастырушылық, кадрлық және қаржылық мәселелер бойынша кешенді тексеру жүргізді. Біз барлық анықталған бұзушылықтарды тіркедік, олар бойынша үлкен іс-шаралар жоспары бекітілді, қазір ол жүзеге асырылып жатыр», - деді министр. 

Министрдің сөзінше, бұл мәселе бойынша Назарбаев университетінің экс-президенті Ғылым және жоғары білім министрілігімен байланысқа шықпаған.

«Бұл туралы еуропалық дереккөздерде жазылмаған. Кішігірім басылымдарда ғана тарап жүр. Бірде-бір салмақты басылымдардың мұндай жаңалық жарияламауы да адамның көңіліне күмән туғызады», - деп қосты министр.

Саясат Нұрбектің айтуынша, бұл туралы ақпарат әлі де расталмағандықтан, университет беделіне  төнетін қауіп туралы ойламай-ақ қойған жөн.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар