Міндетті вакциналау қазақстандықтардың құқығын бұзбайды

cover

Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы міндетті вакциналау санитарлық және эпидемияға қарсы шаралардың бірі, ол инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуын және таралуын болдырмау мақсатында профилактикалық егулер жүргізуді көздейтін Қоғамдық денсаулық сақтау кодексі аясында өтеді.

Бұл туралы Orda.kz ҚР Әділет министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

- Медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты орналасқан адамдар инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы вакцина алуға міндетті (Кодекстің 85-бабының 4 және 8-тармақтары). Оның ішінде КВИ-ға қарсы профилактикалық егу (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 қаулысына сәйкес), - делінген хабарламада.

Сондай-ақ медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ адамдарға КВИ-ға қарсы міндетті вакциналаудың заңды негіздері бар және бұл «мемлекет адамның өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны қорғауға бағытталған» деген конституциялық ережеге сәйкес келеді (31-бап).

- Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік бере отырып, Қазақстан Республикасының Конституциясы олардың шектелу мүмкіндігін жоққа шығармайды, сонымен бірге мұндай шектеудің рұқсат етілген шектерін көрсетеді. Құқықтар мен бостандықтар халықтың денсаулығын қорғау мақсатында ғана шектелуі мүмкін (Конституцияның 39-бабының 1-тармағы), - деп түсіндірді Әділет министрлігі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар