«Мешіт пен медреседен ақша жинаған»: Діни қызметкер алаяқтық жасағаны үшін ұсталды
Фото: 24kg
Қырғызстанда Ош қаласының имамы алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазыят (мүфтияттың аумақтық бөлімшесі) басшысы Мирланбек Тоқтомушев «алаяқтық жасады» деген күдікпен ұсталды. Тоқтомушев пен Ош қаласындағы басқа да діни қызметкерлер мешіттер мен медресе қызметкерлерінен жүйелі түрде заңсыз ақша алып отырған. Сот санкциясымен қазыяттың төрт қызметкері мен Мирланбек Тоқтомушевтің үйі мен жұмыс орнына тінту жүргізілді. Тінту нәтижесінде заңсыз ақша жиналғаны анықталды.
Кейін Ош қалалық сотының шешімімен Тоқтомушев үй қамаққа алынды. Мирланбек Тоқтомушев Ош қаласының қазысы қызметінен босатылды. Бұл туралы Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасы хабарлады. Ош қаласы қазыятының жаңа басшысы болып Самидин Атабаев тағайындалды.
Бұрынғы қазыға «қызметтік жағдайды пайдалана отырып, елеулі мөлшерде жасалған алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Айта кетейік, Қазақстанның Қызылорда қаласында да бір имамның тексеруден қашу үшін 1 млн пара бергені белгілі болған еді.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды