Мердігер анықталды: Қазақстанда АЭС-ті «Росатом» салады
Фото: Elements.envato.com
Ведомствоаралық комиссия ресейлік компанияның ұсынысын Қазақстан үшін оңтайлы деп санады, деп хабарлайды Orda.kz.
ҚР Атом энергиясы агенттігі халықаралық сарапшылардың қатысуымен Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы үшін консорциум көшбасшысын анықтау жұмысын аяқтады.
«Соңғы тізімге қытайлық CNNC, француздық EDF, оңтүстік кореялық KHNP және ресейлік «Росатом» енді. Барлық қатысушылар болжамды құнын, мерзімін, қаржылық моделін, оқшаулау деңгейін және қазметкерлерді даярлау бойынша шараларды қоса алғанда, егжей-тегжейлі ұсыныстар берді» деп жазылған ведомство хабарламасында.
Олардың ішінде, Ведомствоаралық комиссияның талдауынан кейін, Қазақстандағы АЭС құрылысын салуға «Росатом» компаниясы лайық деп танылды. Екінші орынды қытайлық компания, үшінші орынды француз және корей компаниялары иеленді.
Қазір Қазақстан мен «Росатом» РФ тарапынан экспорттық қаржыландыруды тарту мүмкіндігін талқылауда. Билік сондай-ақ жобаны іске асыру үшін тиімді консорциум құру бойынша басқа елдермен жұмысын жалғастыратынын атап өтті.
Мамыр айының соңында Ресейдің қатысуымен жүзеге асырылмақшы болған еліміздегі үш көмір ЖЭО салу бойынша жоспардың бұзылуы қаупі бар екені туралы ақпарат тарады. Біз ЖЭО-ның қарызға салынып, тариф арқылы халықтың мойнына ілінетіні, оның АЭС-тің қандай қатысы бар екендігі туралы жаздық.
Жақында Қазақстандық БАҚ-та еліміздегі алғашқы атом электр станциясын Қытай салады деген ақпарат тарады, осыған байланысты редакция сарапшы пікірін сұрап, ол Қазақстанда АЭС салу екі есе қымбатқа түсуі мүмкін екенін айтқан болатын.
Жаңалықтар
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?