Мердігер Алматыдағы Әлия мен Мәншүк алаңын жөндеу мерзімін өткізіп алған
Orda.kz
Сот шешімімен ол мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды, деп хабарлайды Orda.kz Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.
Әлия мен Мәншүк саябағындағы жөндеу жұмыстары 2022 жылдың қыркүйегінде басталды. Оны жүзеге асыру бойынша конкурсты «Шах құрылыс компаниясы» ЖШС жеңіп алды. Жоспар бойынша жөндеу жұмыстары 2023 жылдың 31 мамырына дейін аяқталуы тиіс болатын.
Осы уақытта саябақтағы екі субұрқақты қайта жөндеу, асфальтты брусчаткаға ауыстыру, жаңа орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату, жарықтандыру, суару және су бұру жүйелерін жаңарту жоспарланған болатын.
Алайда, бастапқы аяқталған күннен бір жылға жуық уақыт өтсе де, жөндеу жұмыстары әлі аяқталмаған. Нәтижесінде Алматы әкімдігі мердігерді сотқа берді.
«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен «SHAKH Construction Company» ЖШС мердігер ұйымы мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды. Мердігермен келісім-шарт бұзылды, құрылыс жұмыстарын бұзғаны үшін компаниядан 56,1 млн теңге айыппұл өндіріледі» деп хабарлады қала әкімдігі.
Енді Әлия мен Мәншүк алаңын жөндеуге жаңа байқау жарияланды, ол 24 мамырға дейін өтуі тиіс.
Жаңалықтар
- Нұрлан Сабуровтың әйелі Ресейдегі бизнесін жапты
- Тоқаев: «Тағдыршешті сәтке куә болдық»
- Тоқаев жаңа Конституцияны іске асыруға қатысты Жарлыққа қол қойды
- Қазақстанда тек шетелдіктерге арналған жаңа казинолар ашылады
- Несие алу қиындайды:Ұлттық банк қосымша шектеулер енгізеді
- Шоқан Уәлиханов атындағы жеке мектеп «Домбыра – дастан» атты ауқымды онлайн концерт ұйымдастырды
- 36 күдікті ұстау изоляторында: Сталкинг бойынша сотқа 51 іс жолданды
- Кубадағы толық блэкаут: Энергетикалық дағдарыс, Трамп қысымы және көшедегі наразылық
- Рахат Тұрлыханов қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін
- Ауғанстан–Пәкістан соғысы: Кабулдағы ауруханаға соққы жасалды — 400 адам қаза тапты, тағы 250 жарақат алды
- Есірткі өндіруді әкесі үйреткен: Ақмола облысында әкесі мен баласы есірткі зертханасын ашқан
- Қаражатын инвестициялауға үгіттеген: Желі арқылы жұртты алдаған алаяқ Ресейден экстрадицияланды
- Референдум қорытындысы: 87,15% қазақстандық жаңа Конституцияны қолдады
- Балаларға қатысты зорлық-зомбылық: Тергеу жүйесіндегі негізгі мәселелер қандай?
- Иран Орталық Азия еліне әскери ескерту жасады
- Қазақ салтындағы бала асырап алу дәстүрі
- Тоқаевқа референдум нәтижесіне орай тағы құттықтау жеделхаттары келіп түсті
- «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» тізе бүктірді
- «Сегіз автокөлік пен 17 iPhone тәркіленді» — Жаңабыловтардың сотында не айтылды?
- Садыр Жапаров Тоқаевты Қазақстанда жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады