«Менің ұлымның құқығы бұзылды»: Қуандық Бишімбаевтың анасы сотта алғаш рет сөз алды

cover Фото: Жоғары Сот

Сотталушы Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова сотта алғаш рет мәлімдеме жасады.

Елорда сотында Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі жалғасуда. Қылмыстық іске мәскеулік маманның қорытындысын қосуды сұраған қорғаушы тарапқа прокурор Айжан Аймағанова өтініш білдірді.

«Мен, әрине, заңгер емеспін, мүмкін мен өз ойымды дұрыс жеткізбейтін шығармын, бірақ менің ойымша, егер сіз біздің, мәскеулік мамандардың сараптамасын емес, қорытындыларын қабылдамасаңыз, онда мен бұны конституциялық құқық бұзушылық деп санаймын. Менің баламның құқықтарын қорғауға және өз дәлелдерін келтіруге міндетті екендігі туралы факті бұзылады, сондықтан сізден, соттан, прокурорлардан, алқабилерден, жәбірленуші тараптан мені ана ретінде түсінуіңізді сұраймын. Осыны шын жүректен айтып тұрмын»,- дейді Альмира Нұрлыбекова.

Ол Қуандық Бишімбаевтың қоғамдық қорғаушысы және барлық сот отырыстарына қатысып отыр.

Судья Айжан Құлбаева алдымен сарапшының қорытындысын оқып, содан кейін оны іске қосу-қоспау туралы шешім қабылдауды ұйғарды.

Бұған дейін Альмира Нұрлыбекова Салтанат Нүкенованы өлтіру оқиғасы орын алған Гастроорталық құрылтайшылары тізімінен шыққан болатын. Құрылтайшылар тізімінен Цифрлық даму бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин де шығып кетті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар