«Мені Үнді құдайы құтқарып қалды»: Қазақстандық биші Гоадағы өрттен қалай аман қалғанын айтып берді
Фото: Бейнеден кадр
Қазақстандық биші Гоадағы өрттен қалай аман қалғанын айтып, India Today TV арнасына сұхбат берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Кристина Birch by Romeo Lane клубында залда өнер көрсетіп жатқан сәтте өрт тұтанады. 26 адам түтінге тұншығып көз жұмды. Олардың денесі асхана мен баспалдақтан табылған еді.
Кристина не болғанын бірден түсінбегенін, тек шығатын есік іздей бастағанын айтты.
«Мен шок жағдайында болдым. Музыка тоқтап қалды. Не болғанын түсінбей қалдым. Көз жасымды тоқтата алмадым, қолым әлі де дірілдеп тұр», — дейді ол.
Ол грим бөлмесіне қайта оралмақ болған. Бірақ команданың бір мүшесі: «Ол жаққа барма», — деп тоқтатқан. Кейін биші грим бөлмесінің толығымен өртеніп кеткенін естіген. Ол өз өмірін сақтап қалған бұл адамды «Үнді құдайы» деп атап отыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрт электр тоғының қысқа тұйықталуынан шыққан. Клуб қауіпсіздік ережелерін сақтамай жұмыс істеген. Қазір полиция бес қызметкерді ұстады. Ал клуб иелеріне іздеу жарияланды.
Кристина үйіне оралып, қызын құшақтаған сәтте, бұл жағдайдың қаншалықты қауіпті болғанын шын ұққан.
«Қызымды құшақтаған сәтте тірі қалғаныма шүкіршілік еттім», — дейді ол.
Өрт түн ортасында басталған. Құтқару жұмыстары таңға дейін жалғасқан. Тіпті өрт сөндіру кемелері де келіп жеткен.
Айта кетейік, Қытайда бұрынғы мемлекеттік компания басшысы өлім жазасына кесілді.
Жаңалықтар
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды
- Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?