«Мен таза адаммын»: Амантай қажы жазадан құтылды
Фото: Orda.kz/ Ильдар Адильченов
Алмалы аудандық сотында Амантай қажының ісі қаралып, белсенді ақталып шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Өз сөзінде Амантай қажы еш кінәсі жоқ екенін, ешкімді итермегенін алға тартты.
«Зардап шекті деген адам Амантай Асылбекке ешқандай шағымы жоқ екенін жеткізді. Арызда ол моральдық және материалдық шығынды өтегенін, сондай-ақ денсаулығына байланысты отырысқа қатыса алмайтынын атап өтті», – деді судья.
Кейін судья Ернар Қасымбеков кеңесу бөлмесіне кіріп, тараптардың татуласуына және материалдық және моральдық шығынды өтеуге байланысты істі тоқтату туралы шешім шығарды.
Айта кетейік, кезінде президенттік сайлауға түскен Амантай қажы осы жылдың шілде айында бір әйелді баспалдақтан итеріп жіберген болатын. Ал осыдан 5 күн бұрын әлеуметтік желіде оның жазу жазып көпірді бүлдіргені туралы ақпарат тарады.
Ғарышкер Талғат Мұсабаевты ақтық сапарға шығарып салып жатқанда Амантай қажы БАҚ өкілдеріне мас әйелдің өзін құшақтамақшы болғанын айтты.
«Бұл — жала. Ештеңе болған жоқ. Мен стадионға жиі барамын. Сол жерде маған қарай Биғайша есімді әйел шықты. Өзі мас, «о-о-о» деп құшақтауға ұмтылды. Мен иманды адаммын, ондай әрекетке қарсымын. Қолын қағып жіберіп едім, ол «ой» деп құлап қалды. Қасында бір жігіт болды, «көтер» дедім. Бірақ оның басқа ойы болған сияқты. Менің жауларым көп. Не жоспарлағанын білмеймін», — деді Амантай қажы.
Еске сала кетейік, Талғар қаласында 22 қыркүйек күні Қасымбаев Хасанға және тағы бес адамға қатысты сот отырысы өтті. Кезекті сот отырысына жәбірленуші Тәжиев келіп сот алдында: «Хасанға еш арызым жоқ» деп жауап берді.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды