«Мен қызымды қорғадым»: Анасы мен баласы бұрынғы күйеу баласын өлтіргені үшін 15 жылға сотталды
Фото: Envato
Атырау облысында бір әйел адамның 63 жастағы анасы мен інісі 15 жылға сотталды. Олар өз жақынын бұрынғы күйеу баласынан қорғаймын деп істі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға 2023 жылдың соңында басталды. Әйел ажырасқаннан кейін ата-анасымен бірге тұра бастайды. Бірақ бұрынғы күйеуі әйел тұрған үйге ескертусіз келіп, айқай-шу шығарып, әйелді ұрып кетіп жүреді.
Бір күні тағы сондай жағдай қайталанады. Ер адам бұрынғы әйелі екеуін ажыратуға тырысқан енесін де ұрады. Полиция ер адамды ұстайды. Алайда ол қашып кетіп, жанжал шығарған үйге қайта оралады.
Ер адам мен әйелдің інісі төбелесе кетеді. Әйелдің анасы шуды тоқтату мақсатында ас үйдегі пышақты қолына алады. Ақыры сол арада әйел қолындағы пышақты бұрынғы күйеу баласына сұғып өлтіреді.
«Мен қызымды қорғадым. Егер мен араласпасам, ол оны өлтіруі мүмкін еді», — деді анасы соттағы соңғы сөзінде.
Сот 63 жастағы кейуана мен оның ұлын 15 жылға соттады.
Айта кетейік, Бишімбаевтың әкесінің қатерлі ісікке шалдыққаны белгілі болды.
Жаңалықтар
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді