«Мен бәрін көрсетемін, келіңдер»: Депутат Базарбек қызметтік пәтерін «қойылым» дегендерге жауап берді
Фото: Бақытжан Базарбектің жеке мұрағатынан
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің жұбайы Адель Әділова Астанадағы қызметтік пәтерін көрсетіп, көпшіліктің сынына қалды. Желі қолданушылары бейнероликті «қойылым» деп бағаласа, Бақытжан Базарбек Orda.kz тілшісіне бәрін ашық көрсетуге дайын екенін айтты.
Бұған дейін Әділова Instagram парақшасында күйеуі екеуі тұрып жатқан пәтердің видеосын жариялаған. Ол депутаттар да қарапайым жағдайда өмір сүретінін көрсеткісі келген. Алайда желі қолданушылары видеоға күмәнмен қарап, ескі жиһаз бен тұрмыстық жағдай «арнайы қойылым» болуы мүмкін екенін жазды.
Бақытжан Базарбек Алматыда академқалашықтың айналасындағы құрылысқа қатысты жергілікті тұрғындармен кездесуге келген болатын. Orda.kz тілшісі келіншегінің жариялаған бейнежазбасына қатысты пікірін сұрады.
«Иә, бұл видеоны әйелім өзі түсірді. “Нұрсаядағы” депутаттық үй көптеген жылдар бойы жаңартылмаған. Ішіндегі жиһаз ескі, шкафтар сынған, бәрі құлауға шақ тұр. Депутаттың үйіне мүлдем ұқсамайды. Әрине, жөндеуге ақша бөлінеді ғой? Ол ақшалар қайда кеткен? Сол себепті әйелім бәрін сол қалпында көрсетті. Видеоны көргендер сенбеді, депутаттар мұндай жерде тұрмайды әрі бұны өтірік деді. Онда журналистер келсін. Мен бәрін көрсетемін. Дені дұрыс бір де бір жиһаз жоқ. Біз ештеңе жасырмаймыз. Бұл кімге ұнайды?», — деді Базарбек.
Осылайша, журналистер депутаттың пәтеріне арнайы шақырту алды. Orda.kz бұл ұсынысты қарастырады.
Жаңалықтар
- Әлкей Марғұлан: Мұрағат пен дала арасындағы ғалым
- Қазақстанда қандай кітаптарды сақтау қылмыс саналады?
- Прокуратура Жақсылық Омарға шыққан үкімге пікір білдірді
- Дағыстанды су басты: Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілуде
- Қарағанды облысында ішінде 50 адамы бар автобус аударылды
- Ақмола облысында бөгет жарылды
- Армения Ресей газ бағасын көтерсе, ҰҚШҰ мен ЕАЭО-дан шығатынын мәлімдеді
- Түркістан облысында бірнеше күн іздестірілген суға батып кеткен қыздың денесі табылды
- Иран Ормуз бұғазы арқылы кейбір кемелердің өтуіне рұқсат берді
- АҚШ-та ирандық генерал-майор Сүлейманидің туысы ұсталды
- Алматыда жеке клиникада сүндетке отырған бала ауруханаға түсті
- Иран Кувейт, Бахрейн және БАӘ-дегі АҚШ-тың әскери нысандарына шабуыл жасады
- Қазақстан мен Қытай шекарасында бірнеше өткізу пункті жабылды
- Қазақстан жолдарында лазерлік жарықтандыру болады
- Опырылған Кеген-Нарынқол күре жолының жағдайы қандай?
- Түркістан облысында жалған айғақ беруге азғырған адвокат сотталды
- Миллион оқырманы бар қытайлық блогерге Тоқаев атынан «Достық» ордені табысталды
- Еліміздегі 111 мың «ақылды» ЖИ камералары жүргізушілерді қалай қадағалайды?
- Алматыдағы Сәтбаев көшесінің бойындағы плиталар не үшін ауысып жатыр?
- Қазақстандағы пайдалы қазбалар қоры сарқылып барады