«Мемлекеттік құпия»: Назарбаевтарды қорғайтын жаңа заң неге қабылданды?
Коллаж: Orda.kz
2025 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы президенттердің және олардың отбасыларының денсаулығы мен жеке өміріне қатысты ақпаратты мемлекеттік құпияға жатқызатын заңға өзгерістер енгізді. Бұл жаңалық аясында ақпарат таратуға тыйым салынды.
Ал Қазақстанда бұрынғы президент әзірге тек Нұрсұлтан Назарбаев болғандықтан, жаңа норма нақты оған қатысты енгізілгені айдан анық.
Orda.kz тілшісі осы заңның мәні мен мақсатын саралап көрді.
Ең қызығы, бұл өзгерістер «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесі туралы, ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив салаларындағы артық заңнамалық реттеулерді жою туралы кейбір заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына енгізілген.
Бірақ депутаттар осы заңның мәтініндегі білім беру жинақтаушы жүйесі деген ұғымның экс-президенттің денсаулығына қаншалықты қатысты екені жайлы жарытып ештеңе айта алмады.
Бұл мәселеге қатысты мәжілісте ешқандай талқылау болмаған. Оның үстіне жаңа түзету туралы заң жобасы тек сенатта қаралған кезде ғана белгілі болды. Бірақ сенатта да бұл норма ашық түрде талқыланған жоқ. Бір жағынан, жаңа заң осындай құпиялылығымен басқа заңдардан мүлде ерек болып тұр.
Жаңа заңға енгізілген өзгерістер «Мемлекеттік құпиялар туралы» заңның 14-бабына енгізілген. Ол бұрынғы президенттердің және олардың отбасы жайлы ақпаратты қорғауды көздейді. Бұрын заң тек қазіргі президенттің және оның отбасының мәліметтерін ғана қорғаған.
Мемлекеттік құпия дегеніміз не?
Заң бойынша, мемлекеттік құпиялар – мемлекет тарапынан қорғалып, әскери, экономикалық, ғылыми-техникалық, сыртқы экономикалық, сыртқы саяси, барлау, контрбарлау, жедел-іздестіру және басқа да қызметтермен байланысты ақпарат саналады. Басқаша айтқанда, бұл – елдің қауіпсіздігімен тікелей байланысы бар мәліметтер.
Құпияны жария ету қателік пе?
«Жеке өмір мен мемлекеттік қауіпсіздікті заңдық тұрғыда шатастыру – мүлдем дұрыс емес. Бұл мен үшін жұмбақ. Неліктен бұл заң дәл қазір қабылданды? Неліктен экс-президентке қатысты осылай алаңдайды? Елбасы туралы заңды референдум арқылы алып тастағанымызды ұмытпайық. Жеке өмірді қорғайтын Қылмыстық кодексте жалпы нормалар бар», — дейді құқық қорғаушы және заңгер Гүлмира Біржанова.
Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?
Жаңа заң бұрынғы президенттердің отбасы мүшелеріне қатысты, бірақ осы тұлғалардың нақты тізімі заңнамада көрсетілмеген. Сондықтан, біз заңды анықтамаларға жүгінеміз.
Отбасы мүшелерінің мәртебесі бірнеше заң актілерінде бекітілген. «Неке және отбасы туралы» кодексте отбасы мүшелері деп: ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, бір туған және ағайын бауырлар мен қарындастар, аталар, әжелер, немерелер саналатындығы көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 185-бабы бойынша мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау, таратуға немесе жария етуге мынадай жазалар қолданылады:
Мемлекеттік сатқындық немесе шпионаж белгілері жоқ болған жағдайда:
Еркіндікті шектеу немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру;
Белгілі бір қызметтерді атқару құқығынан айыру немесе осыған ұқсас қызметтерді жүргізуге шектеу үш жылға дейін тыйым салынады немесе осындай шектеулерсіз құқығынан айыру.
Егер қылмыстық әрекеттер үлкен залал немесе басқа ауыр салдарларға әкелген болса:
Бес жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру;
Белгілі бір қызметтерді атқару құқығынан айыру немесе осыған ұқсас қызметтерді жүргізуге шектеу үш жылға дейін.
Қылмыстық кодекс бойынша 185-баптың бұзылуына ең ауыр жаза сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы және қосымша шектеулер бар.
Қазақстанда бұл бап бірнеше рет қолданылған. Мәселен, 2009 жылы тәуелсіз «Алма-Ата ИНФО» газетінің бас редакторы Рамазан Есіркепов үш жылға бас бостандығынан айрылды. Оған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) қызметкерлерінің ішкі хат алмасуын жариялағаны үшін айып тағылды.
Есергепов өзінің жариялаған материалдарын дереккөздерінен алғанын айтып, бұл істі сөз бостандығының бұзылуы деп санады. Оның айтуынша, жарияланған ақпарат қоғам үшін маңызды болған, себебі оның сөзінше ол ақпарат билік өкілдерінің теріс әрекеттерін көрсетер еді.
Халықаралық ұйымдар, соның ішінде Human Rights Watch және «Репортеры без границ», Есіркеповтің ісін саяси тұрғыдан бағытталған деп санап, тәуелсіз баспасөзді қорқыту мақсатында жасалған әрекет деп бағалады. Өз мерзімін өтегеннен кейін Есіркепов медиа саласында жұмысын жалғастырды.
Бұл заң нені көздейді?
2023 жылдың ақпанына дейін Қазақстанда «Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті — Елбасы туралы» заң қолданыста болды. Онда Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасы мүшелерінің денсаулығына қатысты ақпаратты мемлекеттік құпия ретінде қорғауды көздейтін ережелер енгізілген еді. Бұл деректер іс жүзінде мемлекеттік құпия болып саналды. Бұдан бөлек, заң Назарбаевқа ерекше мәртебе, өмір бойы артықшылықтар (Қазақстанда өмір бойы ештеңе тұрақты емес, Конституцияның бірнеше рет өзгертілуі — оның дәлелі) мен қол сұғылмаушылықты қамтамасыз етті.
Бірақ бұл заң жойылған сәтте-ақ Назарбаев бірден өзінің «Ұлт Көшбасшысы» ретінде көпшілікті «мойындатқан» артықшылықтардың көбінен айырылды. Оның және оның отбасы мүшелерінің денсаулығына қатысты ақпараттың ерекше қорғалуы тоқтатылды. Алайда, сол кезде Назарбаевтың отбасы мүшелері аз болды. Оның ресми түрде үш қызы (Дариға, Динара және Әлия) және бір әйелі — Сара Назарбаева болды. Бұл жағдай 2023 жылдың 1 желтоқсанына дейін сақталды. Осы күні Нұрсұлтан Назарбаевтың «Менің өмірім. Бодандықтан бостандыққа» деген автобиографиялық кітабы жарық көрді. Бұл еңбекте ол өзінің өмір жолы, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы және жеке сезімдері туралы естеліктерін жазды.
Кітаптағы жұртты таңқалдырған сыр — экс-президенттің 1999 жылғы «Мисс Қазақстан» байқауының жеңімпазы Әсел Исабаевадан ресми некесіз екі ұлының бар екенін мойындауы болды. Тауман мен Байкен қазір 19 және 16 жаста. Олар жайлы көп мәлімет жоқ, бірақ олар Қазақстанда тұрмайды.
«Енді менің тегім былай жазылады: Қарасай — Көшек — Айдар — Мырзатай — Кеңбаба — Еділ — Сапақбай — Назарбай — Әбіш — Нұрсұлтан — Тауман, Байкен. Және тағы солай...» деп жазды Нұрсұлтан Назарбаев өз кітабында.
Бұл деректер көпшілікке бұрыннан белгілі болғандықтан, Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл ақпараты айдан анық дүниені мойындау ғана болды. Дегенмен, бұл ерекше қадам еді. Осылайша, Нұрсұлтан Назарбаев өз ұлдарын ресми түрде таныстырып, оларды өзінің отбасы мүшелері ретінде жариялады. Осы сәттен бастап олар толыққанды отбасына және экс-президенттің мұрагерлеріне айналды. Бір жылдан кейін, Қазақстанда жаңа заңға өзгерістер енгізілді. Мүмкін бұл заң осы отбасы мүшелерін қорғау үшін қабылданды.
Автор: Илья Астахов
Жаңалықтар
- Ирандағы қантөгіс: Жүздеген адам қаза тапты, жаппай тұтқындаулар мен өртке оранған мешіттер
- Ғасырда бір болатын құбылыс: 22 қаңтарда жер тұрғындары ғаламшарлар шеруін тамашалайды
- Әлеуметтік желіде желдей ескен «несиені кешіре салатын» ақпарат жалған
- Түркістандағы халықаралық әуежай инвесторға берілетін болды ма?
- Астанада жеңіл атлетикадан Қазақстанның қысқы чемпионаты басталды
- Үкімет инфляциямен күрес шараларын талқылады: салық бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығаруға уәде берді
- Ақмола облысында өртеніп жатқан пәтерден адам құтқарылды
- Қазақстан бокс құрамасының бас бапкері тағайындалды
- Иранда наразы халық Солтүстік Хорасан прокурорын тірідей өртеп жіберді
- Келесі кезекте — Мексика: Трамп есірткі картельдеріне қарсы күш қолдану операциясы туралы айтты
- Прокурор оларды террористке теңеді: Ирандағы тәртіпсіздікке қатысқандарға өлім жазасы қаупі төніп тұр
- Трамптың кесірінен: Франция НАТО-дан шығу мәселесін қарастыра бастады
- Қаңтардағы ҰБТ басталды: талапкерлердің 75%-ы тестілеуді қазақ тілінде тапсырады
- Ирандағы наразылықтың мақсаты монархты қайтару емес
- Былтыр 300-ге жуық қылмыстық топ басшылары мен мүшелері сотталды
- Вашингтон Каракасты бақылайды: АҚШ мемлекеттік департаментінің делегациясы Венесуэлаға келді
- Камера алдындағы қанды қылмыс: Екібастұзда ер адам пышақ жарақатынан қайтыс болды, әйел ауруханада
- «Отбасы банк» өзі бағынатын «Бәйтерекке» 2024 жылға 100 миллиард теңге дивиденд төледі
- Украинаның Путин резиденциясына болжамды шабуылынан кейін Ресей Львов облысына «Орешникпен» соққы жасады
- Ольга Рыпакова жеңіл атлетика федерациясының президенті қызметінен кетті