Мемлекеттік кеңесші лауазымы жойылады, екі ай ішінде президент сайлауы өтеді
Фото: mazhilis.parlam.kz
Бүгінгі Қызылордада өтіп жатқан Құрылтайда президент өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылса сайлау екі ай ішінде өткізілетіні, сонымен қатар вице-президент лауазымы енгізілетіні белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда кезектен тыс президенттік сайлау екі ай ішінде өтетінін мәлімдеді.
Сонымен қатар, Қазақстанда жаңа мемлекеттік лауазым - вице-президент пайда болады.
Бұл туралы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Құрылтайда мәлімдеді.
«Әңгіме вице-президент институтын құру туралы болып отыр. Оның өкілеттік аясын мемлекет басшысы өзі белгілейді. Вице-президент президенттің тапсырмасы бойынша халықаралық форумдарда және шет мемлекеттер делегацияларымен келіссөздерде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді, парламентте президенттің мүддесін білдіреді, отандық және бірлескен қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағарту ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды, президенттің басқа да тапсырмаларын орындайды деп болжануда», - деді Тоқаев.
Вице-президенттің қызметтік лауазымына қатысты негізгі ережелер Конституция мәтінінде көрсетілген.
Сондай-ақ, ол мемлекеттік кеңесші лауазымы жойылатынын атап өтті. Осы тұста Тоқаев мемлекеттік кеңесші қызметін атқарып жүрген Ерлан Қаринге назар салды.
Аталған лауазымды тарату туралы шешімді жариялау барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Қаринге қарап:
«I am really sorry» («мен үшін шынымен өте өкінішті»), — деді.
Еске салсақ, Қазақстан Республикасының Ұлттық құрылтайында президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа орган - Халықтық кеңес құрылғанын мәлімдеді. Кеңес Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ұлттық Құрылтай міндеттерін өзіне алады. Құрамына 126 адам кіреді. Төрағаларды президенттің өзі тағайындайды.
Жаңалықтар
- СҚО-дағы тас жолда екі жүк көлігі соқтығысып, жүргізушінің бірі қаза тапты
- Кәсіби боксшы Мадияр Әшкеевтің АҚШ-тағы үйі өртеніп кетті
- 4700-ден астам қазақстандық елге оралды
- 7–9 наурызда Таяу Шығыстан келетін эвакуациялық рейстер
- Италияда XIV қысқы Паралимпиада ойындары ашылды
- СІМ шиеленіс жағдайында Таяу Шығысқа саяхатты азайтуды ескертті
- Трамп Иран басшылығын толық ауыстыруды қолдайтынын айтты
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар