Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Ата заң күнімен құттықтады
Тоқаев Қазақстан халқын Конституция күнімен құттықтап, Ата Заң еліміздің прогрессивті және тұрақты дамуының сенімді кепілі екенін атап өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Orda.kz хабарлайды.
«Конституция мемлекет пен қоғам өмірінің негіздерін анықтай отырып, азаматтар мүдделерін, құқықтары мен бостандықтарын бірінші орынға қояды. Сондықтан Қазақстанда жүргізіліп жатқан барлық реформалардың мақсаты – халықтың әл-ауқаты» деп жазды Президент.
Сондай-ақ ол 2022 жылғы конституциялық реформа нәтижесінде елімізде демократияландыру үдерісі басталып, саяси жүйені жаңғыртуға жағдай жасалғанын қосты. Құқық қорғау институттарының рөлі күшейтіліп, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі артты. Конституциялық сот құрылды, ол бүгінде заң үстемдігін орнатуға толық ықпал етіп отыр.
«Ата заңды құрметтеу мен бұлжытпай орындау – жоғары азаматтық жауапкершілік пен шынайы патриотизмнің айқын көрінісі. Конституцияның мызғымас құндылықтарына сүйене отырып, біз әділ Қазақстанды – барлығына тең мүмкіндік беретін мемлекетін құрайтынымызға сенімдімін» деп қосты ол.
Мемлекет басшысы қазақстандықтарға денсаулық, бақыт және жаңа табыс тіледі.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды