Мектеп оқушысы сыныптасына оқ атып, кейін терезеден секірді

cover Фото: Pexels

Челябинск қаласындағы №32 мектепте мектеп оқушысы арбалеттен оқ атып, кейін терезеден секіріп кетті, деп хабарлайды Orda.kz.

ТАСС мәліметІ бойынша, 9-сынып оқушысы мектепке пластик арбалет, газ баллонын және сигналдық тапанша алып келген.

Оқушы сыныптасына сигналдық тапаншадан оқ атып, кейін төртінші қабаттағы терезеден секіріп кеткен.

Салдарынан екі адам жарақат алды. Дәрігерлердің айтуынша, қыздың да, оқушының да өміріне қауіп жоқ.

Мектептегі шабуылдан кейін тергеу комитеті бірден үш қылмыстық іс қозғады. Атап айтқанда, екі немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталу, салғырттық және азаматтардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету баптары бойынша іс ашылған.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар