Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды

cover Фото: Комсомольская правда

Мексикалық наркобарон Немесио Осегера Сервантес (лақап аты Эль Менчо) алтын табытқа салынып жерленді, деп хабарлайды Orda.kz Formula дерегіне сілтеме жасап.

Жерлеу рәсімі Ресинто-де-ла-Пас зиратында, Сапопан муниципалитетінде (Халиско штаты) өтті. Эль Менчоның денесі зиратқа алтын табытпен жеткізілді. 

Ақ катафалкпен келген көлік керуені қызыл раушан гүлдерінен жасалған әтеш пішініндегі композициямен безендірілген. Бұл белгі Осегера Сервантеспен тікелей байланысты. Ол әтеш төбелесіне әуестігі үшін «Сеньор де лос гальос» («Әтештер мырзасы») деген лақап атқа ие болған.

Сан-Хуан-де-Окотан ауданында орналасқан зират маңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Онда ұлттық гвардия, әскер және полиция қызметкерлері кезекшілік атқарды. Шеру бағыты бойынша блок-бекеттер қойылған.

БАҚ мәліметінше, осы зиратта есірткі қылмысы әлемінің тағы бір танымал өкілі — Рафаэль Каро Кинтероның туыстары да жерленген. Каро Кинтеро 1985 жылы АҚШ-тың есірткіге қарсы күрес басқармасы қызметкерін ұрлап, өлтіргені үшін 40 жылға бас бостандығынан айырылған.

Айта кетейік, Эль Менчо 22 ақпанда федералдық күштердің Тапальпа муниципалитетіндегі операциясы кезінде ауыр жараланып, қаза тапқан. Бұған жауап ретінде картель мүшелері Халиско штатында және елдің басқа аймақтарында тәртіпсіздіктер ұйымдастырған еді. 

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар