Меккеде қажылық парызын өтеу барсында 14 адам көз жұмды

cover Фото: Pexels

Меккеде қажылыққа барған 14 Иордания азаматы аптап ыстыққа шыдамай,  көз жұмды.

Бұл туралы Reuters телеарнасы хабарлайды. 

«Сауд Арабиясындағы қажылық кезінде иорданиялық 14 қажы қайтыс болды, тағы 17 қажы із-түзсіз жоғалғандар тізімінде» деп хабарлайды елдің сыртқы істер министрлігі.

Аптап ыстықтан алты адам қайтыс болды. Меккеде ауа температурасы плюс 47 градусқа жетеді деп күтілуде.

Бұған дейін Сауд Арабиясының денсаулық сақтау министрлігі ауа температурасының күрт көтерілетінін ескерткен болатын. Ведомство қажыларды ауаның ылғалдылығын сақтауға және ең ыстық уақытта сағат 11:00-ден 15:00-ге дейін далада күн астына шықпауға шақырды.

Сауд Арабиясының статистикалық басқармасының мәліметінше биылғы жылы қажылыққа 1,8 миллионнан астам адам қатысады.

Қажылық – мұсылманның бес парызының бірі. Қажылық Мекке қаласында өтеледі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар