«Медицинадағы жемқорлық»: 232 млн теңге ұрлаған Атырау ауруханасының қызметкерлері сотталды
Фото: Pexels
2024 жылы әлеуметтік қорғау саласында 95 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркеліп, олардың ішінде 58 адам әшкереленді, 34-і сотталды.
Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
26 тамыз күні Атырау қалалық соты тағы бір даулы іс бойынша үкім жайлы жазған болатын. Онда Атырау қалалық №4 емханасының директоры, шаруашылық меңгерушісі, бас есепшісі және кәсіпкері 231,8 млн теңгені заңсыз иемденгені үшін кінәлі деп танылды.
«26 тамызда Атырау қалалық соты нөмірі 4-ші Атырау қалалық емханасының директоры Е.Сабыровқа, шаруашылық меңгерушісі А.Әлжановаға, бас есепші М.Дүйсенғалиеваға және кәсіпкер А.Ералиева қатысты үкім шығарды», деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
Аурухана қызметкерлерінің кәсіпкерге заңсыз 231,8 миллион теңге аударып, ұрлағаны үшін сот кінәлі деп үкім шығарды.
Сот оларды 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сот отырысы ашық режимде өтіп, оған облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен оған қарасты 28 мекеменің қызметкерлері қатысты.
Антикор сонымен қатар Маңғыстау облысында Жаңаөзен қалалық нөмірі 2-ші емханасы мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры мен бас есепшісіне қатысты сотқа дейінгі тергеудің аяқталғанын хабарлады. Олар мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша медициналық өнімді іс жүзінде жеткізбей, жеке компанияның шотына аудару арқылы 10,5 миллион теңге көлеміндегі қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді.
Жаңалықтар
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті