Медицина жетістіктері: «АИТВ (ВИЧ) ауруын 100% жеңдік!»

cover Фото: Pixabay

Оңтүстік Африка мен Угандадағы 1-кезеңдегі клиникалық сынақта АИТВ-ның алдын алуға арналған жаңа препарат оң нәтиже көрсетті. 

Бұл туралы Interesting engineering сайты хабарлады.

Зерттеу жетекшілері Ленакапавир дәрісі АИТВ-мен күресте революциялық серпіліс болуы мүмкін екенін және препаратты одан әрі сәтті сынақтан өткізуге және енгізуге үміттенеді. Тестілеудің соңғы кезеңі аяқталды. Жылына екі рет жасалған инъекция сынақтан өткен әйелдерді 100% қорғайтыны белгілі болды. 2024 жылдың соңына қарай препаратты ер адамдарға беріп сынау аяқталады. Егер онда да сәтті нәтиже берсе, АИТВ-ны толық алдын алу үшін жылына екі инъекция жеткілікті болады.

 Алайда бір инъекцияның құны 21 125 доллар болып тұр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар