«Медицина саласының жетістіктері»: 18 жасар марқұмның ағзалары басқа адамға берілді
Фото: Pexels
Қазақстанда тағы бір 18 жастағы донордың органдары сәтті трансплантацияланды. Жас жігіт жол-көлік апатынан қайтыс болды, ал оның туыстары органдарды донорлыққа беруге келісім берді.
Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Қазақстан Республикасының трансплантация және жоғары технологиялық медициналық қызметтер координациясы орталығы донорлық операцияны жылдам жасады. Мультиорган ретінде бауыр, жүрек және екі бүйрек алынды.
Марқұмның ағзаларын алған соң, 2024 жылдың 25 шілдесінде төрт пациентке сәтті трансплантация операциялары жүргізілді:
- Шымкенттің Жүрек орталығында 1966 жылы туған науқасқа жаңа жүрек ауыстырылды.
- А.Н. Сызганов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында 1966 жылы туған науқасқа бауыр трансплантацияланды.
- Түркістан облысының Облыстық клиникалық ауруханасында 1984 жылы туған науқасқа бүйрек ауыстырылды.
- University Medical Center клиникасында 2008 жылы туған балаға екінші бүйрек трансплантацияланды.
Еске сала кетейік, 2024 жылдың 17 шілдесінде Қазақстанда бірнеше сәтті трансплантация операциялары жүзеге асқан болатын. University Medical Center клиникасында 1980 жылы туған әйелге жүрек, 1967 жылы туған әйелге өкпе және 2009 жылы туған балаға бүйрек ауыстырылды. «ННОЦ» мекемесінде 1971 жылы туған ер адамға бауыр, 1981 жылы туған әйелге бүйрек трансплантацияланды. Министрлік мамандар мен медициналық қызметкерлердің жоғары дайындық деңгейін, әсіресе трансплантологтардың жұмысын атап өтті.
Жаңалықтар
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу