Мәслихаттардың қосымша сайлауы өтіп жатыр

cover

 Елімізде тізімнен шығарылған депутаттардың орнына мәслихаттарда қосымша сайлау өтіп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.       


Бүгін, 8 желтоқсан күні Қазақстанда тізімнен шығарылған депутаттардың орнына жергілікті мәслихаттарда қосымша сайлау өтіп жатыр. Қосымша сайлау Қазақстанның Алматыдан басқа барлық аймақтарында өтеді.


Астана қаласы мәслихатының Байқоңыр ауданындағы № 6 бір мандатты аумақтық сайлау округінде зейнеткерлікке шыққандардың орнына депутаттар сайлауы өтіп жатыр, деп хабарлайды қалалық сайлау комиссиясы. 

Астанада таңғы сағат 7-ден бастап барлығы 19 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр, оның үшеуі жабық. Сайлау бюллетенінде алты кандидаттың аты-жөні жазылған. 

Сайлау учаскелері сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Мәслихат депутаттары бес жылға сайланады.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар