Мәсімовтің самурай қылышы мен белдігі бастапқы бағадан әлдеқайда қымбатқа сатылды
Фото: e-qazyna.kz
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің зәулім үйінен тәркіленген самурай қылышы 3 413 825 теңгеге сатылды. Оның бастапқы бағасы 461 312 теңге болған, деп хабарлайды Orda.kz.
Бүгін, 20 ақпанда қайтарылған активтерді басқару компаниясы сатылымға екі бағалы бұйымды шығарды. Мәсімовтің зәулім үйінен тәркіленген самурай семсері және арнайы қораптағы ұлттық өрнекпен безендірілген былғары белдік сатылды.
Аукцион электронды сауда порталында өтті. Самурай семсері 3 413 825 теңгеге сатылды. Оның бастапқы бағасы — 461 312 теңге болған. Қылыштың жүзі болаттан жасалған. Ал сабы бедерлі геометриялық өрнекпен безендірілген. Саудаға алты үміткер қатысып, әрқайсысы 69 мың теңге көлемінде кепілдік жарна төледі.
Ал ұлттық өрнекпен әшекейленген былғары белдік 524 261 теңгеге сатылды. Оның бастапқы бағасы 183 750 теңге болған. Металл және күміспен қапталған белдікке 4 үміткер саудаласты.
Айта кетейік, Кәрім Мәсімов 2022 жылғы қаңтардағы оқиға кезінде ұсталды. 2023 жылдың сәуір айында Астанадағы сот Мәсімовті мемлекетке опасыздық жасағаны, билікті күшпен басып алуға тырысқаны, билік пен лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін 18 жылға бас бостандығынан айырды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Михаил Шайдоров Олимпиада-2026 гала-шоуында өнер көрсетеді
- Мәсімовтің самурай қылышы мен белдігі бастапқы бағадан әлдеқайда қымбатқа сатылды
- Павлодарлық тұрғын жууға әкелген көлігінен айырылып қалды
- Әйелі мен ұлын өлтірген азаматқа сот үкімі шықты
- Қазақстанда 37 градусқа дейінгі аяз болады
- Лақап аты «Грудак»: Қырғызстанда ҰҚМК-ның тағы бір қызметкері ұсталды
- Дильназ Ахмадиева ерекше балалардың құқығын қорғайтынын мәлімдеді
- Қарағандыда ережесіз жекпе-жек турнирінде 18 жастағы Арслан комаға түсті
- Шымкентте қаржы пирамидасымен айналысқан 10 адамға үкім шықты
- Уикипедиядағы даулы тұжырым: Тазыны арабтар әкелді ме?
- Министрлік Android жүйесі бар қолданушыларға ескерту жасады
- Алматыда ақпанда +22,8°С болды: Синоптиктер күрт жылыну себебін түсіндірді
- Трамп өзгеғаламашарлықтар туралы құжаттарды жариялайтынын айтты
- Елімізде такси қызметі 17%-ға қымбаттады
- 583 млн теңге жымқырған: Түркістанда 18 адам сотталды
- Қазақстанда телефон нөмірін бір оператордан екіншісіне көшіру тәртібі өзгеруі мүмкін
- Qarakesek атымен танылған рэперге сот үкімі шықты
- Олимпиада-2026: Софья Самоделкина ел көрсеткішін көтерді
- Тоқаев Бейбітшілік кеңесі инаугурациялық отырысында не айтты?
- «Қар көшкіні жүруі мүмкін»: Синоптиктер алматылықтарға ескерту жасады