Мас жүргізушімен бетпе-бет соқтығысқан көлікте үш адам қаза тапты
Фото: Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметі
Степногорск қаласында полициядан қашып кеткен мас жүргізушімен бетпе-бет соқтығысып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz.
«23 наурызда полиция қызметкерлері Степногорск қаласында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде заңға бағынбай, тоқтау туралы заң талаптарын орындамай, жүргізуді жалғастырған Toyota Land Cruiser жүргізушісін байқады. Артынша құқық бұзушы басқа көлікпен жол-көлік оқиғасына тап болып, бірақ оқиға орнынан кетіп қалып, азаматтардың өміріне қауіп төндірді» деп хабарлады жексенбі күні Ақмола облысының полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі.
Полиция қылмыскерді ұстау үшін, оны көлікпен қууына тура келді.
«Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 59-бабы, 61-бабына сәйкес көлік құралын мәжбүрлеп тоқтату үшін қызметтік қару қолданылған.
Құқық бұзушы қозғалысын жалғастыра отырып, «Зауыт-Өнеркәсіптік аймақ» тас жолына шығып, «Ауди В4» автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан, оның ішінде жүргізуші мен екі жолаушы болған. Апат салдарынан үшеуі де оқиға орнында қаза тапты» деп толықтырды полиция департаментіндегілер.
Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Медициналық сараптама Toyota Land Cruiser жүргізушісінің мас болғанын көрсетті. Тергеу аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Toyota Land Cruiser жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды» деп хабарлады полицейлер
Жаңалықтар
- Енді ресми: 2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді
- Қызылқайраттағы қанды оқиға: Адам өлімі мен бала ұрлау, тергеушілердің ісі сотқа өтті
- «Ақтауға негіз жоқ»: Сәденов Шымкент полициясын қатаң сынап тастады
- Павлодарда «қандас» құжатын жасап алған ауғанстандық азамат әлеуметтік төлемдерді заңсыз алған
- Тоқаев пәкістандық басылымға эксклюзив сұхбат берді
- Алматылықтардың 1000-нан астам үйі мен жер телімі сүріледі: Әкімдік орнына не салмақшы?
- Алматыда жүргізуші рөлде келе жатып жүрегі ұстап қайтыс болды, салдарынан 5 көлік соқтығысты
- Автокөлік нөміріне онлайн қалай өтініш беруге болады?
- Жетісу облысында жер сілкінісі сезілді
- Мектеп оқушылары қосымша бір апта демалады
- Жерде магниттік дауыл басталды: Қандай өзгеріс болады?
- Нұрай ісі: Күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін
- Масамен күреске 13,6 млрд теңге бөлінбек: Павлодар облысы әкімдігі бұған не дейді?
- Түркістан облысында заңсыз алтын өндірген 12 адам тергеуге алынды
- Зеленский украиналық 55 мың сарбаз қаза тапқанын мәлімдеді
- Милан Олимпиадасының спорттық сайыстары басталды
- Блогерлер ісі: Жаңабыловтарға қатысты тергеу аяқталды
- Жапонияда қалың қардан қаза тапқандар саны 35 адамға жетті
- Петропавл маңындағы орманда үсіп қалған 18 жастағы жігіттің денесі табылды
- Министрлік қызылша ауруы өршуіне байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады