Марат Жыланбаев туралы фильм Алматыда көрсетілмейтін болды
Фото: Facebook / Марат Жыланбаев
Марат Жыланбаев туралы фильм Алматыда көрсетілмейтін болды. Бірде-бір кинотеатр да, зал да келісім бермеді. Келіскендері бірер күннен соң кешірім сұрап, өткізбей тастады. Сонымен қатар оның адвокаты бүгін аштық жариялағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Марат Жыланбаев туралы фильмнің көрсетілмейтіні туралы Бақытжан Төреғожина Facebook-парақшасында жазды.
«Біз Қазақстанда көрсете алмағанымыз үшін фильмнің авторы Сәния Тойкеннен кешірім сұраймыз. Бірақ фильмді де, Марат Жыланбаевты да күні бойы үлкен экраннан да, теледидардан да көрсетіп қоятын шақтың туатынына сенемін. Фильмді көрсете алмадық. Бірақ алдағы уақытта бұл ниетімізден қайтпаймыз. Әділ, жақсы заманды күтеміз. Марат Жыланбаевқа бостандық!» деп жазды ол.
Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожинаның сөзінше, соңғы рет келіскен орын «президент әкімшілігінен хабарласып, бас тартуды талап еткен».
Оның адвокаты Марат Досқараев 11 маусымда өзіне Марат Жыланбаев хабарласып 15 күннен бері аштық жариялап жатқанын жеткізген. Степногорск түрмесінде ол осы мен 10-аштық жариялап отыр.
Қазақстан билігі Марат Жыланбаевты «саяси тұтқын» деп есептемейді. Марат Жыланбаев колонияда жиі аштық жариялайды. Оған жүгіруге, сурет салуға тыйым салынған. Адвокаты белсендінің құқығы тапталып жатқанын бірнеше рет айтқан. Бұған дейін Orda.kz өзі түрмеде отырып, түрме басшысынан тайсалмаған Марат Жыланбаевтың хатын ықшамдап оқырман назарына ұсынған болатын.
Марат Жыланбаев — әлемдегі 4 шөлді кесіп өткен алғашқы әрі жалғыз марафоншы. Ол Азиядағы Қарақұм шөлінің 1200 шақырымын 20 күнде кесіп өтсе, дүниежүзіндегі ең үлкен шөл Сахараның 1700 шақырымын 24 күнде жүріп өткен.
Тарихқа енген желаяқ қазақ талай шөлді басып өтіп, 7 рет рекорд жасап, Гиннестің рекордтар кітабына енді. Сондай-ақ, халықаралық «Synergy Global Forum» форумына спикер ретінде қатысқан тұңғыш қазақ осы Марат Жыланбаев. 2023 жылы ғана марафоншы сөз сөйлердің алдында ешқандай дайындық болмағанын, ұйымдастырушылар «өзіңіз жайлы айтсаңыз болды» дегенін хабарлаған болатын. Халықаралық ұйымдар Жыланбаевтың ісін БҰҰ-на жіберіп, Қазақстан үкіметін қысымды тоқтатып, оны босатуға шақырды.
Марат Жыланбаев жайлы үлкен экраннан көрсетілмеген фильмді назарларыңызға ұсынамыз:
Жаңалықтар
- Қарағандыда әйел мен оның қызын өлтірді деген күдікті өлі табылды
- Бишімбаев ісін қараған судья Сәния Әлімжанованың өлімі бойынша сот үкімін шығармай, тергеуді қайта бастады
- Өзен тасыды: Қазақстан Ресеймен шекарадағы өткізу бекетін уақытша жапты
- Алматыдағы резонанс: жол апатынан кейін қай шенділер қызметінен кетті?
- Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында қақтығыстар қайта басталды
- Ресейде төбелескен қазақстандықтар жазалана ма?
- Шавкат Рахмоновтың әйелі 5 жылға сотталды: Жазаны өтеу кейінге қалды
- Тоқаев: альпинизм мен заманауи тау туризмі жан-жақты дәріптеледі
- Перизат Қайраттың түрмедегі жағдайы қалай?
- Перизат Қайраттың көлігі сатылымға шығарылды
- Түркістан облысында қорланды деген 6 жасар қыздың анасы әділдік іздейді
- Перуашев ұсталған журналист Ботагөз Омарованы қолдауға дайын екенін айтты
- Батыс медиасы АҚШ құрлық операциясын бастайтынын жазып жатыр. Трамп неге соққыны кейінге қалдырды?
- Депутат Әбенов: Көшеде жарысатын жүргізушілердің жазасын күшейту керек
- Наурыз ҰБТ: 179 талапкер ереже бұзған
- Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы заң қабылданды
- ІІМ-ді жаппай тазарту қажет — депутат Бақытжан Базарбек
- Әскерде зорлық көргені туралы жалған ақпарат таратып, жылу жиған жігіт қамауға алынды
- Наурыз мерекесін тойламауға шақырған азамат ұсталды: Қылмыстық іс қозғалды
- Зейнетақы жинағынан шешіп алатын қаражат жеткізер емес