Маңғыстаудағы МАЭК-те жұмысшы көз жұмды

cover Фото: freepik.com

Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты. Болған жайтқа қатысты өңірлік полиция пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Қайғылы жағдай 23 желтоқсанда энергетикалық комбинатта болған. 

«Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Маңғыстау облысының полиция департаменті өкілдері. 

Мәліметтерге сүйенсек, жөндеу цехының шебері қаза тапқан. Өлімге құбырдың құлауы себеп болған көрінеді. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар