Маңғыстау жеріне ұшқышсыз ұшатын дрон құлады
Фото: 112_aktau
Маңғыстау облысының Қарақия ауданында ұшқышсыз ұшатын дрон табылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Дрон елді мекендерден алыс жерден табылған.
«Уәкілетті органдармен бірлесіп, ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшектеріне ұқсас заттың табылуына байланысты тексеру жүргізіп жатырмыз. Залал келген жоқ» — деді Маңғыстау облыстық полиция департаменті.
2025 жылғы ақпаннан бері Батыс Қазақстанда ұшқышсыз ұшақтар және соның бөлшектері бес рет табылды.
Қорғаныс министрінің орынбасары мұны БҚО маңындағы Ресей сынақ полигонымен байланыстырған еді. Алайда Маңғыстау облысы Ресеймен шектеспейді. Онда бұл дрон қайдан келген?
Еске сала кетсек, Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданындағы Капустин Яр полигонында Ресейдің әскери зымыран сынақтары жүргізіліп жергілікті тұрғындар экологиялық және әлеуметтік қиындықтарға тап болып жатыр. Тілшіміз сол ауданның тұрғынымен сөйлесіп, мән-жайды анықтаған болатын. Ақыры Ресей мен Қазақстан отырған келісімшартта көрсетілген межеден 4 есе көп радиация бар екенін анықтады. Өңірде 112 мүгедек бала бар, 400-дей адам радиация әсерінен мүгедек ретінде тіркелген.
Жаңалықтар
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды