Маңғыстау облысында бұрын ақталған спорт басқармасы экс-басшысының соты қайта өтті

cover Сурет: lada.kz

Қанат Жұмабаевқа билігін асыра пайдаланды деген айып тағылды, деп хабарлайды Orda.kz порталы InAktau-ға сілтеме жасап.

Антикор спорт басқармасының бұрынғы басшысы Қанат Жұмабаевты 2022 жылғы тамыз айында ұстаған. Тоғыз айдан кейін сот отырысы өтіп, шенеунік ақталып шыққан.

Іс материалдарынан «Каспий» футбол клубының директоры төрт адамның команда қызметкері болып жұмыс істеуіне қатысты кеңес алу үшін облыстық спорт басқармасының басшысына жүгінгені белгілі болды. Алайда іс жүзінде олар жұмыс істемеген, бірақ жалақы алған.

Былтыр қазан айында Антикор іс қайтадан сотқа жіберілгенін хабарлады:

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы қаулысымен ақтау үкімінің күші жойылды. Облыстық спорттың бұрынғы басшысына қатысты іс жаңадан қарау үшін Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасына жіберілді».


Бүгін, 6 ақпанда сот отырысының қорытындысы белгілі болды. Сот алқасы Жұмабаевқа 2 917 000 теңге, сондай-ақ футбол клубының директорына 2 333 600 теңге айыппұл салды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар