МӘМС арқылы миллиондаған теңге залал: Алматыда жеке стоматологиялық клиникалардың директоры үйқамаққа алынды

cover Фото: freepik.com

Алматыда  жеке стоматологиялық клиникалардың директоры МӘМС жүйесі бойынша қызмет көрсету кезінде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Orda.kz. 

ҚМА мәліметінше, жеке стоматологиялық клиникаларының директоры әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры КЕАҚ-пен жалпы сомасы 450 млн теңгеден асатын медициналық қызметтерді сатып алу туралы шарт жасасқан.

Шарт бойынша клиникалар МӘМС жүйесі шеңберінде азаматтарға шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсетуге тиіс болған.

Алайда күдікті медициналық ақпараттық «Damumed» жүйесіне қызмет көрсетілгені туралы жалған мәліметтер енгізген. Бірақ ешкімге медициналық қызмет көрсетілмеген. 

Заңсыз әрекеттерін заңғастыруға талпынған күдікті дәрігерлердің есептік жазбаларын, сондай-ақ клиникаларға бұрын жүгінген кәмелетке толмаған пациенттердің жеке деректерін рұқсатсыз пайдаланған.

«Нәтижесінде ортодонтиялық көмек көрсетудің 4 597 расталмаған жағдайы анықталды. Келтірілген залал сомасы 66 млн теңгені құрады», деп хабарлады ҚМА. 

Күдікті үйқамаққа қамалды. 

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар