Мамин үкімет жұмысының маңызды бағыты туралы айтты

cover Фото: centralasia.news

Үкімет президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспарды қабылдады.

Бұл туралы Orda.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев ұсынған Жалпыұлттық жоспар ҚР Президентінің негізгі бағыттары мен бастамалары бойынша 102 тармақтан тұрады.

Премьер-Министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жүргізіліп жатқан мемлекеттік және экономикалық саясаттың жаңа міндеттерін атап көрсеткенін айтты.

Үкімет пандемиядан кейінгі кезеңде экономиканың орнықты әрі сапалы өсуін қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет салаларын жетілдіру, өңірлерді кешенді дамыту, еңбек нарығының тиімді экожүйесін құру бойынша белсенді шаралар қабылдайды.

– Үкімет жұмысының маңызды бағыты – Мемлекет басшысының азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру жөніндегі бастамаларын іске асыру. Жалақыны көтеру, жеке сектордың үлесін ұлғайту, салықтық жүктемені азайту арқылы халықтың нақты кірістерінің өсуін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылатын болады, - деді А. Мамин.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар