«Майқайың алтын» кен орнында тағы бір адам мерт болды
Фото: freepik.com
Павлодар облысындағы «Майқайың алтын» кен орнында жұмысшы техника астына түсіп, көз жұмды, деп хабарлайды Orda.kz.
Алтын өндіруші кәсіпорын қызметкерлерінің айтуынша, қайғылы оқиға кеше, 14 желтоқсан күні түстен кейін болған. Жұмысшы 140 метр тереңдікте мерт болды. Қаза тапқан жұмысшы 1992 жылы туған моторист екен. Мәліметтерге сүйенсек, жұмыс барысында техникалық қауіпсіздік шаралары бұзылған. Жүк машинасындағы жүргізуші артқа қарай қозғалып, мотористті басып кеткен.
«Техникалық қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», деп мәлімдеді Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға бойынша жүк көлігінің жүргізушісі полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, «Майқайың алтын» кен байыту фабрикасындағы опырылған шахта астына жұмысшылар мінген автобус құлап кеткен еді.
Жаңалықтар
- Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің екінші ракеткасы атанды
- Қаласақ, қызық үшін тағы бірнеше соққы жасай аламыз — Трамп
- Білім министрлігі Қазақстандағы шетелдік университет филиалдарында оқуға грант бөледі
- Наурызнама мерекесі аясында 747 спорттық іс-шара өтеді
- 16 наурызға арналған ауа райы болжамы: Бірқатар өңірде дүлей дауыл соғады
- 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленді: Жазда парламент сайлауы өтеді
- Бүгін Оскар сыйлығының 98-ші марапаттау рәсімі өтеді
- Exit-poll: Референдумда 86,7% дауыс беруші жаңа Конституцияны қолдады
- Иранның жаңа рухани көшбасшысы Моджтаба Хаменеи Ресейге жеткізілді — БАҚ
- Жауапкершілікке тек бір азамат тартылды: Бас прокуратура мен ІІМ Референдум қорытындысын айтты
- Қазақстанда референдумдағы дауыс беру аяқталды
- Референдум-2026: Дезинформацияға қарсы күрес орталығы желідегі жалған ақпараттарды тіркеп жатыр
- Заңсыз активтерді қайтару аясында мемлекетке 1 трлн теңгеден астам қаржы құйылды – Бас прокуратура
- Қазақстанда сағат 16:00-дегі жағдай бойынша референдумдағы алдын ала қатысу көрсеткіші 64,43% болды
- Иран Таяу Шығыстағы қақтығысты тоқтатудың екі шартын атады
- Референдум: Қаныш Сәтбаев атындағы университетте қалай өтіп жатыр?
- Назарбаев: Бір кезде мен Тоқаевты таңдадым, қазір де қолдаймын
- Мемлекет басшысы референдумда дауыс бергеннен кейін журналистермен брифинг өткізді
- Қуандық Рахым референдумда дауыс берді, Димаш денсаулығына байланысты қатыса алмады
- Референдум: Мүмкіндігі шектеулі жандар қалай дауыс береді?