Мәйіт таситын көлік және желіні өшіргіштер: Алматыдағы Назарбаевтар резиденциясы мен «Кеңсай» зиратында не болып жатыр?
Фото: Orda.kz
Алматыда бүгін таңертеңнен бастап Дулати көшесі жабылды. Тұңғыш президент саябағынан жоғары орналасқан Назарбаевтар әулетінің отбасылық резиденциясына жақын маңда әр 200 метр сайын полиция қызметкерлері тізбектеліп тұр, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазір бұл бағытқа көліктердің өтуіне тыйым салынған, түсірілімге де қатаң шектеу қойылған. Кеше басталған күштік құрылымдардың кезекшілігі бүгін күшейе түсті. Форма кигендер саны айтарлықтай артқан. Айналада байланыс нашарлап, кей тұстарда мүлде интернет істемейді. «Орда» журналистері резиденцияға қарай мәйіт таситын көлікке (катафалк) ұқсас көліктің кіргенін байқады.
Біз жақындауға тырысқанымызда, күзетшілер дөрекі жауап қайтарды:
«Не істейсің? Ішінде адам бар. Айта алмаймын».
Сонымен қатар, дәл қазір бірнеше полицей көлігі Алматыдағы танымал тұлғалар жерленген «Кеңсай» зиратының маңында жүр.
Резиденция маңында полиция «Орда» журналистерін ұстап, барлық түсірілген материалдарды дереу өшіруді талап етті.
Полиция департаменті әзірге ешқандай түсініктеме бермеді, болып жатқан қозғалыстың себебі де айтылмады. Қазір ғана тілшілеріміз мәйіт таситын көлікке ұқсас қара мәшиненің қайта шығып, кетіп қалғанын түсіріп алды. Содан кейін жол қайта ашылып, қала тұрғындары көшемен жүре бастады.
Еске салайық, бірнеше күн бұрын «Орда» Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматыға келгенін хабарлаған болатын. Ол «Совминкаға» барып, бірінші жұбайымен қоштасқан. Редакция деректеріне сүйенсек, Сара Назарбаеваның өмір сүруіне сеп болған аппарат сөндірілді. Оның қайтыс болғаны туралы ресми ақпарат әлі жарияланған жоқ.
Жаңалықтар
- Тегеранға жасалған соққылар кезінде жараланған Хаменеидің кеңесшісі көз жұмды
- 25 млн теңге талап еткен: Жетісу облысында бұрынғы жігітін бопсалаған бойжеткен ұсталды
- Еліміздің әртістері миллиардтаған табыстан қағылып келген
- Тоқаев Азия чемпионатында табысты өнер көрсеткен Қазақстанның ұлттық бокс құрамасын құттықтады
- Тоқаев «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды
- Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді
- Қостанайда ер адам тұрғындарды алдап, аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін сотталды
- Импортқа тәуелділік қашан азаяды? Мәжілісте мұнай-газ мәселесі көтерілді
- Баламды төртке бөліп тастапты: Бірін қабірге аттандырып, екіншісін мүгедек еткен 21 жастағы жүргізушіге сот жеңіл жаза берді
- Зеленский Ресейде Telegram-ның бұғатталуы туралы: Соғысты тоқтату үшін
- Украина Пасха мерекесіне орай уақытша бітімге келуге дайын екенін мәлімдеді
- Жетісудағы қатыгездік: Дәрігерді күрекпен аяусыз сабап тастады
- Шығын — 4 миллиард теңге: Аса ірі мөлшерде ұрлық жасаған «басшы» Грузиядан экстрадицияланды
- 4 мыңнан астам қоқыс үйіндісі анықталды: Лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды
- Ертеңнен бастап негізгі ҰБТ-ға өтініш тастауға болады: Тестілеу қашан басталады?
- Дикий Арман қырғыз моделімен ажырасып кетті
- Қаза тапқандар бар: Камчаткада жоғалған туристер табылды
- Тоқаев қазақстандық боксшы қыздарымызды Азия чемпионатындағы жеңісімен құттықтады
- Иран АҚШ пен Израильден өтемақы талап етпек
- Түркияда нөсер жаңбыр салдарынан екі адам қаза тапты