Мәжіліс банкроттық туралы заң жобасын мақұлдады
Мәжіліс депутаттары жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Қазақстанда жеке тұлғалар үшін банкроттық рәсімдерінің үш түрі қолданылатын болады: соттан тыс тәртіпте, сот банкроттығы және тұрақты табыспен бес жылға дейінгі берешекті өтеу бойынша сот тәртібімен бөліп төлеу жоспарын алуды көздейтін төлем қабілеттілігін қалпына келтіру тәртібі.
- Үш процедураны тек борышкердің өзі ғана бастайды, яғни кредитордың борышкерге қатысты бұл рәсімдерді қолдануға құқығы жоқ, - деді Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.
Бірінші процедура - соттан тыс банкроттыққа азаматтар келесі шарт бойынша өтініш бере алады:
- Банктерге, микроқаржы ұйымдарына және инкассаторларға берешек 4,9 млн теңгеден (1600 АЕК) аспайды;
- Ресми кіріс жоқ немесе ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын табыс – 36 018 теңге.
- Бұл ретте борышкердің мүлкі болмауы керек және қарыздар бойынша банкпен есеп айырысу рәсімін жүргізу қажет.
- Электрондық үкіметтің веб-порталында соттан тыс банкроттық басталады. Содан кейін ақпараттық жүйе арқылы борышкердің кіру критерийлеріне сәйкес келуін қамтамасыз ету үшін мүдделі мемлекеттік және басқа органдардың деректерімен автоматты түрде салыстыру жүргізіледі, - деді Жамаубаев.
4,9 млн теңгеден асатын қарыз бойынша және басқа да берешек түрлері бойынша азаматтар сотқа банкроттық туралы өтініш бере алады. Бұл процедура кезінде борышкердің мүлкі аукцион арқылы сатылады, ал түскен қаражат белгіленген тәртіппен кредиторлар алдындағы қарыздарын өтеуге жұмсалады.
- Егер жалғыз тұрғын үй кепіл заты болса, онда несие беруші оны сот банкроттығы кезінде қайтарып алуға құқылы. Жалғыз баспана кепіл болмаса, несие берушілер оны талап ете алмайды, - деп түсіндірді Қаржы министрі.
Қалған өтелмеген сома, егер борышкердiң арам ниеттiлiгiнiң белгiлерi болмаса - мүлiктi немесе ол туралы мәлiметтердi жасыру, жалған мәлiметтер беру жағдайында есептен шығаруға жатады.
Үшінші процедура – төлем қабілеттілігін қалпына келтіру процедурасы, егер сіздің тұрақты табысыңыз болса, 5 жылға дейін қарызды өтеу бойынша сот тәртібімен бөліп төлеу жоспарын алу мүмкіндігі қарастырылған. Сауықтыру жоспары қаржы менеджерімен бірлесіп әзірленіп, сотпен бекітіледі.
- Бұл процедураның артықшылығы – одан кейін адам «банкрот» мәртебесіне ие болмайды, сондықтан банкрот үшін қарастырылған салдар оған қатысты болмайды, - деді Жамаубаев.
Заң жобасы банкроттықтан кейін туындайтын салдарларды қарастырады, олар:
- 5 жылға несие алуды шектеу;
- Азаматтар 7 жылдан кейін ғана банкроттыққа қайта жүгіне алады;
- Банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу көзделеді.
2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 7,8 млн адамның екінші деңгейлі банктерге, микроқаржы ұйымдарына және коллекторлық агенттіктерге 14,3 трлн теңгеден астам қарызы бар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық