Мадагаскарда миллиондаған адам аштыққа ұшырауы мүмкін

cover

Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы өкілдері дабыл қақты. Мадагаскарда қуаңшылық басталды. Салдарынан миллиондаған адам аштыққа ұшырауы мүмкін.

Бұл туралы Orda.kz Хабар арнасына сілтеме жасап хабарлады.

Елдегі қуаңшылық үшінші жылға созылды. Егін алқаптары қурап қалған.

Айта кетсек, Мадагаскарда шамамен 27 млн адам тұрады.

Халықтың 78 пайызы кедейлікте өмір сүреді.

Дүниежүзілік банк

– Жұмыс бабымен көп елде болдым. Бірақ осыншама аянышты жағдайда жүрген ашқұрсақ балаларды көрген емеспін. Құр сөлдері қалған. Миллионнан аса адам азық-түлікке мұқтаж. Біз құрғақшылықтан аса қатты зардап шеккен аудандардың халқына тамақ таратып жатырмыз. Бірақ бұл жеткіліксіз. Тұрғындарға халықаралық көмек қажет, - деді дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының өкілі Ардуино Мангони.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар