Маңғыстауда сегіз жасар бала емшінің кесірінен қолсыз қалды

cover

Маңғыстау балалар ауруханасының дәрігерлері гангрена болған қолды кесуге мәжбүр болды. Мұның бәрі жас науқастың ауруханаға уақытында әкелінбеуіне байланысты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Facebook қолданушысы Азамат Сәрсенбаев өз парақшасында жоғарыда айтылған мәліметтермен бөлісті.

Сурет: Facebook желісінен

Сегіз жасар бала велосипедтен құлап, қолын сындырып алған. Ата-аналары оны жергілікті емшіге апарып, көмек сұраған. Емші баланың қолын байлап, үйіне қайтарған. 10 күннен кейін баланың қолы жансыздана бастаған. Осылайша, сегіз жасар бала ауруханаға түскен. Өкініштісі, баланың қолын сақтап қалу мүмкін болмады. Дәрігерлер оның қолын шынтағына дейін кесіп тастауға мәжбүр болды.

Қазір бала дәрігерлердің бақылауында. Азаматтың айтуынша, балалар хирургі Құрман Қайранов балақайдың өмірін сақтап қалу үшін барлығын жасаған. Тағы бір апта жүрсе, гангрена бүкіл денеге таралуы мүмкін еді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар