Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Дидар Смағұлов жұмыстан кетті

cover

Ұлттық тестілеу орталығының басшысы қызметін 7 жыл атқарған Дидар Смағұлов қызметінен кетті.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

– Мемлекеттік қызметімді аяқтаймын! Достар, осымен ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы директоры лауазымынан өз еркіммен кетемін! 7 жыл бойы мемлекеттік салада қалтқысыз қызмет еттім... енді басқа белестерді бағындырар уақыт келді!, - деп жазды Facebook-те.

Ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы басшысы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке алғыс айтты.

Смағұлов енді қызметін министрдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша штаттан тыс кеңесшісі ретінде жалғастыратын болады.

«Дидар ағай кетті, ҰБТ-да көшіруге болады» деп ойлайтындар опық жейді. Енді мен басқа нәрселерге алаңдамай, тек ҰБТ-ның әділдігімен айналысамын!

Дидар Смағұлов

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар