LRT Қосшыға дейін салынады
Фото: gov.kz
Астанадағы жеңіл рельсті көлік желісі (LRT) Қосшы қаласына дейін ұзартылмақ. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Әкімнің сөзінше, күн сайын Қосшыдан Астанаға 15–20 мың көлік кіреді. Бұл қала жолдарына айтарлықтай салмақ түсіріп отыр.
«Қосшы қарқынды дамып келеді. Ол — Астанаға демеу болып отырған серіктес қала. Сондықтан Қосшы мен Астана арасындағы қатынас күшейіп жатыр, келесі кезеңде осы бағытта желі салуды жоспарлап отырмыз», – деді әкім.
Жеңіс Қасымбектің айтуынша, бұл LRT жобасының екінші кезеңінің бір бөлігі ғана. Екінші тармақ Сығанақ көшесі арқылы Тұран даңғылына, одан әрі қаланың ескі бөлігі мен теміржол вокзалына дейін жалғасады. Қосшы бағытына тартылатын желіні бір жарым жыл ішінде аяқтау көзделіп отыр.
Әкімнің айтуынша, бұл бағыттағы желінің бір бөлігі жер үстімен өтеді.
Айта кетсек, қыркүйек айынан бастап LRT желісі сынақтан өткізіліп жатыр.
Жаңалықтар
- Тоқаевқа референдум нәтижесіне орай тағы құттықтау жеделхаттары келіп түсті
- «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» тізе бүктірді
- «Сегіз автокөлік пен 17 iPhone тәркіленді» — Жаңабыловтардың сотында не айтылды?
- Садыр Жапаров Тоқаевты Қазақстанда жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады
- Түркістанда пара алды деген күдікпен ұсталған полицей жазадан құтылып кетті
- Астанада 15 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті
- Мемлекет басшысы әскери қызметке қатысты Жарлыққа қол қойды
- Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығына оқ тиіп опат болды
- Лос-Анджелесте «Оскар-2026» жеңімпаздары анықталды
- Путин Тоқаевты жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады
- Талғарда қыз зорлады деген жаламен ұсталған төрт жігіт ақталып шықты
- Қадір түні — тағдыр түні: Дұға-тілектер
- Алматыда Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен қайта ұсталды
- Италияда қысқы Паралимпиада ойындары аяқталды: Қазақстан нешінші орында тұр?
- Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
- Екі аптадағы соғыс: Парсы шығанағындағы елдерге Иран шабуылдарының салдары қандай?
- Қазақстанның жаңа Конституциясы референдумда ресми түрде мақұлданды
- «Өліп жақсы көремін»: Нетаньяхудың «өлімі» мен алты саусақтың құпиясы
- Венгрияда премьер-министр сайлауы алдында қарсыластартың жақтастары митинг өткізді
- Биыл Наурыз мерекесі қалай атап өтіледі?