«LOTOS — 2025» — халықаралық лотос фестивалі Атырау облысында өтеді
Фото: Атырау әкімдігі
Бірегей өсімдік жыл сайын тек Атырау облысының Теңіз ауылындағы Қиғаш өзенінің атырабында гүлдейді, деп хабарлайды Orda.kz.
Халықаралық мәдени-туристік фестиваль 26 шілдеден 26 тамызға дейін өтеді. Бұл мереке ерекше гүл – лотостың гүлдеуіне орайластырылған. Фестиваль жыл сайын өткізіледі, бірақ ол 2024 жылдан бастап ғана ұйымдастырыла бастады.

«Лотос — бұл табиғаттың ерекше сыйы, ол ежелден қасиетті гүл саналған. Ол тек сұлулығымен ғана емес, ерекше экожүйесімен де туристерді баурайды. Лотос гүлдейтін жерлер әлемде көп емес, сондықтан бұл өсімдікті Атырау облысының туристік брендіне айналдыру жоспарланып отыр», деп мәлімдеді Атырау облыстық ішкі саясат басқармасы.
Құрманғазы ауданындағы Теңіз ауылында орналасқан лотос алқабының ауданы шамамен 8–10 гектарды құрайды. Сабағының ұзындығы 1,5–2 метрге дейін жетсе, кейбір жапырақтарының диаметрі 60 сантиметрге дейін барады.

Биылғы фестиваль бұрынғыдан да ауқымды әрі мазмұнды болмақ.
Фестиваль аясында бірнеше ұлттық спорт түрінен жарыстар өтеді: қазақ күресі, жамбы ату, қол күресі, асық ату, арқан тарту. Жеңімпаздар арнайы жүлделермен марапатталады.
Сонымен қатар этноауыл, қолөнершілер қалашығы және ұлттық тағамдар жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Фестиваль қонақтары үшін қазақстандық эстраданың шақырылған жұлдызы өнер көрсетеді.
2025 жылдың мамыр айында Жамбыл облысында «Қызғалдақ» фестивалі өткен болатын, онда Қазақстанның рекордтар кітабына енген текемет тоқылды.
Жаңалықтар
- Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы келіссөздер тағы екі күнге созылды
- Францияда Лувр музейін тонады деген күдікпен екі адам ұсталды
- «Қайрат» пен Пауло қоштасты: шешуші матч «Астана» – «Қайрат»
- Ирландиядағы президенттік сайлауда 68 жастағы тәуелсіз кандидат жеңіске жетті
- Әкімдік Қаныш Сәтпаев атындағы мектепті «бұзу» жайындағы алматылықтардың наразылығына жауап берді
- Түркістан облысындағы қашып кеткен сотталушы ұсталды
- Трамп Украинадағы қақтығысты реттеуге Бейжіңнен көмек сұрады
- АҚШ Мемлекеттік департаментінің жоғары лауазымды өкілдері Қазақстанға келеді
- Шымкентте ойыннан от шығып, Нұрсат өртеніп кете жаздады
- Атыраудағы «ақылды» бағдаршамдар жүргізушілерді ақымақ қылып бітті
- Cұқ көзден таса: Ұрлықтан кейін Лувр қазынасы Франция Банкінің астына жасырылды
- Милад Карими Джакартада әлем чемпионатының үздік бес гимнастының бірі атанды
- Амелина Бакиева ММА бойынша жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары «алтынын» жеңіп алды
- Қызметтік көлікпен аңға шығып, апатқа ұшыраған әкімге қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Экстремистер, есірткі зертханалары және орынбасардың ауысуы: Тоқаев ҰҚК басшысын қабылдады
- Марат Ирменов ҰҚК төрағасының орынбасары болып тағайындалды
- Марко Рубио АҚШ атынан Қазақстанды Республика күнімен құттықтады
- Путин Тоқаевты Республика күнімен құттықтады
- «Орданың» бас редакторының фейсбуктегі парақшасы өшірілді
- Тоқаев салтанатты түрде мемлекеттік туды көтерді