Lenovo компаниясының директорын өлтіруге тапсырма берген күдікті ұсталды

cover Фото: Polisia.kz

Lenovo компаниясының директоры Ермек Жәкіпжановты өлтіруге тапсырыс берген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.

Полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті Дубайда ұсталды. Айта кетейік, осы жылдың жазында тапсырысты орындаған киллер Әзірбайжаннан экстрадицияланған болатын.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың 10 қазанында Алматыда Lenovo компаниясы директорларының бірі Ермек Жәкіпжанов жоғалып кеткен еді. Ермек Жәкіпжанов 9 қазан күні шамамен 07:30-да әдеттегідей жұмысқа кеткен. Осыдан кейін ол туралы ешқандай хабар болмаған.

Еске сала кетсек, тура бір жыл бұрын Lenovo директорының өліміне қатысты күдікті ұсталған еді.

 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар