Lenovo директорын өлтіріп, жасырынған күдікті Әзірбайжаннан экстрадицияланды

cover Фото: Instagram/ Ермек Жақыпжанов

Lenovo компаниясының мемлекеттік құрылымдармен байланыс жөніндегі директоры Ермек Жақыпжановты өлтірді деген күдіктілердің бірі Әзірбайжаннан экстрадицияланды, деп хабарлайды Orda.kz.

Ермек Жақыпжановтың зорлық-зомбылық белгілері бар мәйіті былтыр, 10 қазанда Іле ауданы Өтеген батыр ауылына жақын маңда табылды. Оны екі ер адам кездесуге шақырып, есінен танғанша ұрып-соғып, 40 миллион теңге мүлкін алып, өлтіріп кеткен.

Бір күдікті көп ұзамай Қарағанды облысының аумағында ұсталды. Екіншісі жасырынып үлгергендіктен, халықаралық іздеу жарияланды.

«Қаңтар айында іздеу жарияланған ер адам Әзірбайжан аумағында ұсталып, Бас прокуратураның өтініші бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Ол тергеу изоляторына қамалды»,  деп хабарлады Бас прокуратура. 

Айта кетейік, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандыққа қатысты қылмыстық іс сотқа келіп түсті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар