Қызылшаға қарсы екпе алмаған балалар сабаққа кірмейді
Фото: gov.kz
Еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова тиісті қаулыға қол қойды. Қаулы 19 ақпаннан бастап күшіне енді, деп хабарлайды Orda.kz.
Құжатқа сәйкес, қызылша дерегі тіркелген жағдайда екпе салдырмаған балалар балабақша мен мектепке уақытша қабылданбайды. Бұл шешім инфекцияның әрі қарай таралуының алдын алу мақсатында қабылданған.
Сондай-ақ құжатта білім беру басқармаларына екпе салу деңгейін кемінде 90 пайыздан төмендетпеу міндеті жүктелген. Бұдан бөлек, білім беру ұйымдарында күн сайын «таңғы тексеріс» жүргізілуі тиіс.
Яғни, әр таң сайын оқушылар мен мұғалімдер тексеріліп, ауру белгілері байқалған адамдардың ғимаратқа кіруіне шектеу қойылады. Сонымен қатар ата-аналар арасында иммундаудың маңызы жөніндегі түсіндіру жұмыстары күшейтіледі.
Еске салсақ, 5-ақпанда ҚР денсаулық сақтау министрлігінде ведомство басшысы Ақмарал Әлназарованың төрағалығымен қызылша ауруына қатысты эпидемиологиялық ахуалға арналған республикалық штаб отырысы өткізген болатын.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Михаил Шайдоров пен командасын дайындауға 263 миллион теңге жұмсалды
- Қазақстандықтардың Оңтүстік Кореядан ерікті түрде шығатын мерзімі ұзартылды
- Қызылшаға қарсы екпе алмаған балалар сабаққа кірмейді
- Олимпиада-2026: Михаил Шайдоров жарысқа киген костюмін музейге тапсырды
- Ұлттық Банк төрағасының орынбасары қызметінен кетті
- Иран АҚШ-тың әскери ұшақтарын сатып алғысы келеді
- Михаил Шайдоров Олимпиада-2026 гала-шоуында өнер көрсетеді
- Мәсімовтің самурай қылышы мен белдігі бастапқы бағадан әлдеқайда қымбатқа сатылды
- Павлодарлық тұрғын жууға әкелген көлігінен айырылып қалды
- Әйелі мен ұлын өлтірген азаматқа сот үкімі шықты
- Қазақстанда 37 градусқа дейінгі аяз болады
- Лақап аты «Грудак»: Қырғызстанда ҰҚМК-ның тағы бір қызметкері ұсталды
- Дильназ Ахмадиева ерекше балалардың құқығын қорғайтынын мәлімдеді
- Қарағандыда ережесіз жекпе-жек турнирінде 18 жастағы Арслан комаға түсті
- Шымкентте қаржы пирамидасымен айналысқан 10 адамға үкім шықты
- Уикипедиядағы даулы тұжырым: Тазыны арабтар әкелді ме?
- Министрлік Android жүйесі бар қолданушыларға ескерту жасады
- Алматыда ақпанда +22,8°С болды: Синоптиктер күрт жылыну себебін түсіндірді
- Трамп өзгеғаламашарлықтар туралы құжаттарды жариялайтынын айтты
- Елімізде такси қызметі 17%-ға қымбаттады