«Қызылордадағы жыныстық құлдық»: Полиция тағы екі қылмыстық істі тергеп жатыр
Фото: freepik.com
Өткен жылы Қызылордада 16 жасар оқушы қызды сыныптастары жезөкшелікке мәжбүрлегені белгілі болды. Мектеп оқушысын жарты жыл бойы жыныстық құлдықта ұстаған. Осы жағдайға қатысты ІІМ тағы екі қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді. Журналистер Әділовтен қызға қатысты зорлық-зомбылыққа тікелей қатысқан «келушілердің» ісі не болғанын сұрады.
«Осыған қатысты тағы екі қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бүкіл дәлелдер тексеріледі. Бұл жағдай соңына дейін зерттеліп, пысықталады», — деп сендірді Әділов.
Айта кетейік, өткен жылдың тамыз айында мектеп оқушысының анасы сыныптастары мен олардың туыстары қызын есірткі қолдануға мәжбүрлеп, күштеп ұстап, бопсалап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегенін айтқан. Білім министрлігі психологиялық қолдау орталығының мамандары қызға көмек көрсететінін хабарлады. Барлығы 11 адам күдікті деп танылды, олардың бесеуі кәмелетке толмағандар.
Жаңалықтар
- Трамп Иранға Ормуз бұғазын ашу үшін 48 сағат уақыт берді, талап орындалмаса шабуыл үдейді
- Астанада жасанды интеллект бойынша алғашқы халықаралық олимпиада өтеді
- Дастан Сәтпаев Қазақстан ұлттық футбол құрамасынан кетті
- Ботагөз Омарованың ісі бойынша журналистер Тоқаевқа үндеу жасады, Балаева пікір білдірді
- Украина бейбіт келісімге жақындады ма?
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурыз құтты болсын!
- Белгілі актер әрі блогер Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты
- Алматыда кредиттік бюро алаяқтық жолмен 2 миллиард теңгеден астам шығын келтірген
- АҚШ өзі соғысып жатқан Иранның мұнайын сатып алмақшы
- «SuperStar KZ» жобасы 20 жылдан кейін қайта оралды
- Батыста балық қырылды: мамандар себебін анықтады
- Майдандағы жұмбақ риторика: АҚШ пен Иран текетіресі қай бағытқа кетіп барады?
- Мұнай дағдарысы: жаһан мұнай қыспағына ұшырамаудың жолын қарастырып жатыр
- Қызға аяқ көтерген актер Асқар Жұмабек 10 тәулікке қамалды
- Иран Ормуз бұғазы арқылы танкерлерді ақылы өткізе бастады
- Жетісу облысында қытайлықтардың иелігіндегі цемент зауытына 264 млн теңге айыппұл салынды
- Астана – Алматы күре жолында бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға түсті
- Тоқаев қасиетті Түркістан жеріне барған сапарында не айтты?
- Атыраудағы қайын жұртын қырып тастаған күдіктіге ұрлық пен алаяқтық айыптары қосылды
- Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады