Қызылордадағы сексуалдық құлдық ісінде бес жасөспірім бар

cover Фото: Envanto

Іс бойынша 11 адам күдікті деп танылды оның бесеуі кәмелетке толмағандар деп хабарлайды Orda.kz.

ҚазАқпарат мәліметінше, 11 айыпталушының бесеуі кәмелетке толмағандар.

ІІМ кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікке тарту дерегі бойынша қылмыстық іс тергелуде.

«Сонымен қатар кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке тарту істері қаралуда. Оған жезөкшелік пен сутенерлікке арналған орындарды ұйымдастыру немесе ұстау, бопсалау, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын пайдалануға бейімдеу, азаптау, кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу бойынша міндеттемелерді орындамау  сияқты айыптар кіреді», деп нақтылады агенттік.

Ішкі істер министрлігі тоғыз күдіктінің қамауда, екеуі үйқамақта екенін түсіндірді. 11 айыпталушының бесеуі кәмелетке толмаған. Жәбірленуші оқушы қыздан жауап алынды. Алдағы соттың ашық өту-өтпеуі сот еркінде.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар